Шектінің батыс жақ байұлымен шекарасында Шаңдықұл-Тамдықұл деген бір орында ел жайлайтын екі суат көлі болады. Бір жылы екі көлдің оңтүстік беті, бір биіктеу орынға бір буаз айдаһар түсіп жатып алады. Суатқа келген мал мен адамға айбат шегіп, жаман дауыспен ысқырған соң, үркіп маңынан көшеді. Жаз айында суаттан қысылған халық қос атпен аржақтағы Науша батырды шақырады. Науша келеді. Ел адамдарын жинап жатқан жерін көрмек болып, көп адам айдаһардың үстіне барып қалғанда, айдаһар басын көтеріп ысқырып ғайбат шеккенде, аттары дауысынан қорқып, сілейіп-сілейіп жата қалады. Адамдар кейін қашып шығып алыстан барып тоқтаған соң, Науша қолына қылыш алып, айдаһарға жаяу кетеді. Қалған көпшілік тілек тілеп, биіктеуден қарап тұрысады. Науша барды-ау дегенше, Наушаның айдаһарға қарай дедеңдеп жүгіргенін, Наушаның қылышын сермегенін, сол мезетте айдаһардың құйрық сермегенін көріп тұрысады. «Апыр-ай, тартып жұтты- ау!» — десіп бір қатары шулап, жыласады. Бірталай уақыт Науша да, айдаһар да көрінбей қалады. Біраздан кейін Наушаның айдаһар жанынан тұрып, жүгіріп келе жатқанын көреді. Ел шулап, қуанысады. Наушаның түсі-өңі қашып келеді. Көпшілік батырдан шулай сұрасады. Науша: «Дұшпанның басын қақтым, бірақ қаққаным құрсын, құйрықпен ұрып талдырып тастады, есімді жиып, көзімді ашсам, айдаһардың құйрығы үстімде жатыр екен. Сонан жиреніп тұра қаштым, баруда қорықпай барып едім, жақындаған соң өзіне дедеңдетіп тартты, аузына түспес бұрын басын қағып үлгердім, бірақ та құйрығымен ұрып жықты», — дейді.
Науша көпшілікті ертіп апарып көрсеткен. Басы анадай жерде жатыр, бірақ кеудесі, құйрығы тірі, басы сап-сары алтындай, бауырында бірнеше аяғы бар деседі.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі