Өлең, жыр, ақындар

Қаракөздердің тағдыры

Маукен Толғанай Амангельдіқызы
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Филология факультетінің 1-курс студенті

Қазақтың қылықты қыздарының тағдыры қазіргі таңда алай-дұлей, тым қараңғы. Отбасылық зорлық-зомбылық, елдің жүрекке инедей қадалатан өткір сөздері, қоғамның қыспағы, ең аяғы, ең өкініштісі өлім. Қазағымда қызды қырық үйден тыю деген сөз бар, алайда сол тыю, сол ұят қаракөздеріміздің түбіне жетіп бара жатқан жоқпа? Кім білсін...

Арулардың ар-намысын таптау қазіргі таңда қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Тұрмыста зорлық-зомбылық көрдіңбе? Үндеме! Ұят болады! Біреу арыңды таптады ма? Үндеме, айтпа! Ұят болады! Қорлық көріп жүрсің бе? Ештеңе етпес, үйреніп кетесің! Бұл не деген бітпейтін шектеулер. Неліктен қыздарымыз әлімшектік пен зорлық-зомбылыққа шыдап жүруі керек?Тағдыры “Ақбілектен” бетер болсада үндемей, іштен тынып жүрген қыздарымыз қаншама. Тіпті өмірінің соңы “Бақытсыз Жамалдай” аяқталған аруларымызды еске түсірсем, жүрегім қан жылайды.

Әрбір жан болашақта яки қазірде қыз өсіріп отырғаны һақ. Сол қарагөз қазағымыздың қыздарының болашағы үшін қазірден бастап ұлдарыңызды тәрбиелеген жөн. Отбасыдан қызға деген сыйластықты, ілтипатты көріп өскен бала ешқашанда біреудің әлпештеп отырған қызына қиянат жасамайды деген ойдамын. Ал шаңырақтың шаттығы-қыз баласына үйінде жүргенде бар ілтипатты, ізгілікті көрсету керек. Қызды бабаларымыз бекерден бекер төрге отырғызбаған, қыз сол үйде қонақ. Қызды тыю керек деп барлық заттан шектеп тастау өрескел қателік. Қызға бар махаббатыңды төгіп, ештеңеден тарылытпай өсірген абзал. Себебі қыз баласы өз ұясынан көрген махаббатын барған жеріне құт, береке қылып әкелетіні сөзсіз. Кейіннен сол отбасының “Ұлпандай” көсем, батыл, ел анасына айналады.

Қыз тағдыры - ұлт тағдыры демекші аруларымызды барынша алақанға салып аялайық, жақсы көрейік. Қыздарымыздың намысы үшін шыбын жанымыз қиылса да ештеңе етпес. Қазақтың қызы деген ғажап атқа ешкімнің де дақ түсіруге хақысы жоқ. Айналамыздағы әпкелер, аналар, қарындастар барлығы да нәзік жандылар. Сол нәзік жандылардылардан небір алпауыт, батырлар туады. Менің ойымша осы жарық дүние сыйлаған анасын құрметтеген ер азамат, әйелін алақанында аялап ұстары анық. Қарагөздеріміздің абыройын кірлетпей, керісінше сол құндылықты сақтауға берік болайық! Егерде қыздың көңілін тауып, сыйлай білсең, ол саған Қонаев атамыздың Бибі Зухрасындай сүйіп, адал болып өтетіні сөзсіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз