Абылай қалмақтың ханы Уса-Зерең дегенді шабады, Абылайдың қолы ханның екі қызын алып кетеді. Сонда қыздардың шешесі артынан қуып жетіп Абылайға былай дейді: «Сіздің қолыңыздың ішінде екі қызым кетіп барады, сол екі қызымды тапсырайын деп едім», — дейді. «Бұл екі қызымның бірінен батыр туушы еді, бірінен әулие туушы еді. Біреуін өзің ал, біреуін өзің қатар жақсы досыңа бер», — депті. Сол қыздың біреуінен Қасым туады. Екіншісі біреуін Абылай Герей-Қурман батырға береді, онан кейін Кенесарының қозғалысына қатысқан Марал туады.
Наурызбай Жаппастың елін шауып, түнде сол елдің бірінде жатқанда, Жаппастың батыры Жанғабыл Төлегенұлы келіп түнде жатқан адамдардың қаруын алып, ұйықтап жатқан адамдардың тоқсан адамын өлтіреді. Соның ішінде Наурызбайдың дос батыры Байтабынды жалаңаш қарусыз жатқанда, сорға қамап өлтіреді. Қазір сол жерді «Байтабын соры» деп атайды. Кенесары қалған қолмен аман шығады. Сол жолы алдын орап қуған жаудың Наурызбай жетеуін найзалап өлтіріп кеткен, соның біреуі Көкір деген батыр, Әлмембет бидің баласы (әкесі бес Жаппасты билеген).
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі