Өлең, жыр, ақындар

Сәтті орындалған мақсат

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы 3 курс

Олжабаева Камила Маратовна
Жетекші: Махамбетова Жамиля Таргыновна, PhD., аға - оқытушы

Бұл мақалада, мен Олжабаева Камила Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетіне қалай сәтті түскенім  жайлы баяндайтын боламын. Жоғары оқу орнын таңдаудан бастап жетістікке жетуге дейін кеңестер беремін. Бұл мақала түлектердің тәжірибе алмасып пікірталас жасауына шақырады.

Мектеп қабырғасында менде кез келген жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігім болды.Алайда, менің таңдауым үнемі тек – Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болатын. Осындай мақала жазу мүмкіндігі туып,қазіргі жас түлектерге мақала арқылы жаңа дем,мотивация беру басты мақсатым.

Мен неге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таңдадым? Ең алдымен, бұл университет жайлы мен 12 жасымда білдім. Сол уақыттан бастап көп іздендім,көп қарайтын болдым,ақпарат жинадым. Кейін уақыт өте келе,нақты жоғарғы сыныпқа қалатынымды шештім. Алдыма қойған мақсаттың бірі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті атану болды. Егер жалқаулық ұстаса,сабаққа құлшынысым болмаса,өзіме әрқашан университет жайлы еске салып отыратынмын. Уақыт өте келе ҰБТ тапсырып,өз ұпайыма қатты қаңағаттанған жоқ едім. Сонда да,өзіме сеніп,тізімді күте бастадым. Тізімнен Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-ға түскенімді көріп 2 күндей сене алмадым. Өте қатты қуандым. Осы арада,жас түлекке айтарым адамның өзіне деген сенімі бәрінен де жоғары тұру керек. Ешкім сенбесе де,бастысы адам өзіне сенімділігіжәне ынта. "Ынта болса адамда,қиын іс жоқ ғаламда" деп бекер айтылмаған. Егер адамның ынтасы болса,оқушы ізденеді,оқиды. Тағы бір фактор – ата-ана қолдауы. Мен оқу орнын таңдауда маған ешкім кедергі болған жоқ. Алайда, кейде “колледжге кету керек еді, ертең сол университетке түспейсін ғой”,-деген сынды кері пікірлерде болды. Бұл пікірлерді естіп кейде сенімім өшетін. Ата-ана баланың осындай жауапты кезінде қыспақ көрсетпей, керісінше қолдау білдіру керектігін айта кету керек. 

Ал, Әл-Фараби атындағы ҚазУҰ университеті – әлемнің түрлі елдерінен көптеген студенттер оқитын Қазақстанның ең беделді оқу орындарының бірі. Университет 1934 жылы құрылды және содан бері Орталық Азиядағы ең жақсы университеттердің бірі болу үшін көптеген өзгерістер мен жақсатулардан өтті.  Университеттің басты артықшылықтарының бірі-оның жоғары білікті және кәсіби қызметкерлері. Университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері өз саласының мамандары болып табылады және көптеген ғылыми жарияланымдар мен жетістіктерге ие. Осының арқасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің студенттері өз мансабында жетістікке жетуге көмектесетін сапалы білім мен ғылыми білім алуға мүмкіндік алады. Оқу барысында оқытушылар мен тәлімгерлер студенттердің барынша қажетті білімді алуға және оны практика жүзінде қолдануды үйрету үшін соған сәйкес тапсырмалар мен проектік жұмыстарды жасатуға тырысады [1].

Жоғары оқу орнына грант бөліміне түсу – әрбір түлектің арманы. Егер түлекте өзіне сенімділік,ата ана қолдауы және ең бастысы ынта болса,ол қөздеген мақсатына жетеді. Барлығын тепе-теңдікте ұстап,ұштастыра білу керек. Осы арада, менің мақсатым сәтті орындалды. Қазіргі таңда, "Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану" мамандығының 3 курс студентімін.

Пайдаланған сайт:

1. Имидждік мақала. [Bilimger.kz] 07.05.2023 Есеева Г.Б


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз