2004 жылғы сұхбаттарының бірінде Заглүл ән-Наджар (мысырлық ғалым, геолог) бір жылдан астам уақыт бойы Кардифф университетінің медицина бөлімінде лекция оқығанын айтты. Сол лекцияға мұсылман және мұсылман емес ғалымдар қатысып «Құранда баяндалған ғажайыптардың ғылыми дәлелдері» тақырыбында қызу диалог өткен.
Мәжіліске қатысушылардың бірі — англиялық Дәуід Мұса Пидкок (1975 жылы ислам дінін қабылдап, мұсылман болды) былай дейді: «Мен мұсылман болмас бұрын әртүрлі діндерді зерттедім. Күндердің бірінде бір мұсылман студент маған Құран кітабын сыйлады. Үйге келіп Құранды ашқанымда көзіме «әл-Қамар» («Ай») сүресі түсті. Сол сүренің: «Қиямет күні жақындады, ай жарылды...» деген жерін оқып қалдым. «Бұл мүмкін бе? Ай жарылып, кейін қайта қосыла ма?» деген сұрақ қойдым. Кейін кітапты жауып өз шаруаларыма кірістім. Бір уақытта теледидарды қостым, онда тележүргізуші мен NASA ғарыштық кемесінің үш ғалымы арасында пікірталас жүріп жатыр екен.
Тележүргізуші олардың айға барып Американың туын тігу үшін қаншама миллиардтаған доллардың жумсалғанын, одан да басқа жер бетінде әлеуметтік проблемалардың бар екенін, аш-жалаңаш адамдардың көбейіп келе жатқанын айтып сөкті.
Әңгіме былай өрбіді:
Тележүргізуші:
— Сіздер Америка туын айға тігу үшін ғана жүздеген миллиард доллар жұмсадыңыздар ма? — деді. Сонда NASA ғалымдарының берген жауабы мені таңқалдырды.
— Жоқ, біз айдың ішкі құрылысын зерттеп, онда ғажап жаңалық аштық. Бір кездері ай екіге бөлініп, сосын қайта қосылған екен, — деді. Құлағым елең ете қалды.
Тележүргізуші:
— Бұл туралы қалай, қайдан білдіңіздер?
Олар:
— Біз айды айналдыра орап, оның беткі жағынан ішкі қойнауына дейін жалғасқан аномалиялық құбылысты анықтадық, Геолог ғалымдар бізге мұндай құбылыстың тек ай екіге жарылып, кейін қайта қосылған кезде ғана болуы мүмкін деп түсіндірді.
Сол сәттен соң Ислам дінін қабылдап мұмылман болдым.
Оқуға кеңес береміз:
Ғарыш кеңістігінен түнгі Италия (ФОТО)
Ғаламшар көрінісі - Хаббл телескобы көмегімен
НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі