Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т.ғ.қ., профессор Г.Б. Қозғамбаева
1-курс магистранты И.Қ. Тузелбаева
Биыл Қазақстан тарихындағы аса қайғылы оқиға — Желтоқсан көтерілісіне 37 жыл толды. Желтоқсан көтерілісі талай боздақтың тағдырына балта шауып, қазақ тарихында қанды әріптермен жазылды. 70 жыл бойы Қазақстанды билеген тоталитарлық жүйе ұлт тарихын аяққа таптап, қазақ жастырын қанды қырғынға ұшыратты.
1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан КП ОК бесінші пленумы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты атқарған қызметінен босатып, оның орнына Г. Колбинді Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы етіп тағайындады.Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген, қазақ халқы туралы ешқандай білімі жоқ , қазаққа мүлдем белгісіз адамның билікке келуі көтерілістің негізгі себебі еді. Алайда, одан басқа да себептері болғаны жасырын емес. Атап айтқанда, қазақ жастары ұлттық даму деңгейінің баяулауына, кеңестік әдет-ғұрыптардың кең таралуына, командалық-әкімшілік жүйенің күштеп үстемдігіне шыдамады. Оқиғалардың салдары қазақ жастар қозғалысына түрткі болды.
1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері қазақ жастары қазіргі республика алаңына Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбеуіне қарсы бейбіт шеруге шықты. Қазаққа қазақ басшы Әр халыққа — өз көсемі деген ұранмен қазақ жастары ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, Одақтағы барлық ұлттың тілі, мәдениеті,тарихына құрмет көрсетілуін талап етті. Бірақ, бейбіт түрде, ешқандай қарусыз шеруге шыққан жастар көтеріліс соңы қанды қырғынға ұласатынын білмеді.Көтерілісті басу үшін Бұрқасын-86 операциясы ұйымдастырылып, қарусыз қазақ жастарына суық су шашып,сапер күрегімен ұрып-соғып, көтеріліс аяусыз басылды. Мәскеуде Алматыда алаңға шыққандарды "бұзақы", "экстремист", "маскүнем" және "нашақор" деп атап, оларға "ұлтшыл" деген айдар тағады. Желтоқсан оқиғасында қанша адамның қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм болғандар санының бұдан әлдеқайда көп екенін мәлімдеп келеді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотталып, 264 студент оқудан шығарылған.Қазақстан тарихы тұрғысынан бұл көтеріліс Қазақстанмен таныс емес шетелдік Геннадий Колбинді биліктен кетіріп, қазаққа тек қазақ ғана басшы болуы керек деген ұстанымға негізделді. Шындығына келгенде, Горбачев қазақ халқын мәдениеті және тарихы жоқ кеңестік халыққа айналдырғысы келді, оның саясаты Қонаевтың басшылықта болса іске асырылмауы мүмкін екенін, Мәскеу билігі қазақ халқының саясаттағы, ғылымдағы және басқа да салалардағы ұлттық жетістіктерін жоюы тиіс екенін түсінді. Ол үшін ол Ресейден Қазақстанды білмейтін және тіпті қазақтарды аямайтын қатыгез саясаткерді басшы етіп тағайындады. Алайда, Мәскеу ұлттық санасы күшті қазақ жастары мен олардың кейінгі зиялылары бұған жол бермейтін батыл әрекеттер жасай алады деп ойламады.
Қорыта айтқанда, желтоқсан оқиғалары Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше орын алады.Тоталитарлық жүйенің мызғымас болып көрінген 70 жылдық тоңын жібіткен оқиға осы — Желтоқсан көтерілісі еді. Егер сол жылы қазақ жастары алаңға шығып, Колбинді биліктен алып тастамағанда Отанымыздың ары қарайғы тағдыры қалай болар еді? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бірақ Желтоқсан оқиғасы болмағанда Қазақстанның біртұтас ұлттық және біртұтас мемлекеттік құрылымына сүйене отырып, бүгінде адам сүйсінетін тамаша жетістіктер болмайды деп болжауға болады. Осылайша, желтоқсандағы оқиғаларды кеңестік командалық-әкімшілік жүйенің 70 жылдығынан кейін Қазақстанның қайта жандануының басталуы ретінде атап өтуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі