Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге туралы мақал мәтелдер
Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық.
*****
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
*****
Тәрбие - тәлімнен.
*****
Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.
*****
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
*****
Өлімнен ұят күшті.
*****
Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.
*****
Қамшыға бүлдіргі
Балаға үлгі керек.
*****
Қарағайға қарап тал өсер,
Құрбысына қарап бала өсер.
*****
Бас тұмақтың үлгiсi.
*****
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.
*****
Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!
*****
Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.
*****
Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.
*****
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
*****
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
*****
Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.
*****
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
*****
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
*****
Шайтанға сабақ үйреткен.
*****
Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.
*****
Бір елі ауызға —
Екі елі қақпақ.
*****
Жақсы адамның жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін қарама.
*****
Көн қатса, қалпына барады.
Көпке түскен іс анығына барады.
*****
Жасыңда көндігерсің,
Көндігерсің де,
Жөндігерсің.
*****
Қарап көріңіздер
Үлгі туралы мақал-мәтелдер
Өнеге туралы мақал-мәтелдер
Тәрбие туралы мақал-мәтелдер
Сайттағы мақал-мәтелдер
Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Пікірлер (1)
Пікір қалдырыңыз
Талас
Бұл мақалада тәлім мен тәрбие, үлгі‑өнеге туралы қазақтың халық даналығын көрсететін мақал‑мәтелдер жинақталған, олар ұрпаққа құндылықтар, дұрыс мінез‑құлық пен адамгершілік жолын үйретуге бағытталған.
Мақал‑мәтелдерде «Көргені жоқ көріктіден, тәлім көрген текті артық», «Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер» сияқты тәрбиелік мәні жоғары нақылдар берілген, бұл сөздер баланың дүниетанымын қалыптастыруда ата‑ана мен ұстаздың рөлін нығайтатыны айқын көрсетілген.
Осы мақал‑мәтелдер қазақ халқының рухани мұрасын сақтай отырып, күнделікті өмірде дұрыс іс‑әрекет пен әдептілікке тәрбиелеудің маңызды қағидаларын есте сақтауға және ұрпаққа үлгі‑өнеге болуға көмектеседі.