Өлең, жыр, ақындар

Солақайлар туралы не білеміз?

Солақайлар — сол қолмен барлық әрекетті, жұмысты орындайтын адамдар тобы. Әлемде солақайлар 10%-ы құрайды. Бұл туа біткен қабілет. Ұрпақтан-ұрпаққа да берілетін қасиеті бар. Сол қолмен жазатын ерекше қарым иелерінің ерекшеліктері қандай?

Сол қолмен жазатын, сызатын адамдардың оң жартышар миы белсенді жұмыс жасайды. Оң жартышар миы адамның креативті ойлауына, шығармашылыққа жақын болуға, өнерге бейімді болуына қатысады. Міне, содан болар солақайлар ерекше дарынды, өнерге жаны құмар, қиял-ғажайыпқа ерік беретіні. Сонымен қатар, архитектура, математика салаларына да бейімдіктері байқалады. Атақты ойшыл-ғалымдар, өнер иелері солақайлардың қатарынан шыққан. Мысалы үшін, қазақ халқының халық әртісі, дирижер, сазгер Н. Тілендиев, физик-ғалым И. Ньютон, батыр, қолбасшы Н. Бонапарт, Петр I, әйгілі батыр ару Жанна д'Арк және тағы басқалары. Солақайлардың оңқайлардан қарағанда физиологиялық ерекшеліктері болғанмен, тұрмыстық өмірде кездесетін қиындықтары бар. Техникалық, тұрмыстық бұйымдар оңқайларға арнап шығарылғандықтан солақайларға бұл аздаған ыңғайсыздық сездіреді. Солақайлар бұл мәселеде де, еш саспай табандылықтарымен шешімін табады. Психолог Балабек Сақтаған бұл сөзімді растайды: "Солақай адамдар кез- келген ортаға тез бейімделгіш болады. Сондықтан оңқайларға арналып жасалған заттарды тез үйреніп алады. Солақайлар көздеген мақсатына жету үшін еңбектен қашпайды." Солақай ма,оңқай ма әлемнің мүмкіндіктері бәріне тең және бірдей беріледі. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер