Өлең, жыр, ақындар

Жаңбыр туралы шығарма, ээсе

Аспан бұлттанып, күн бұзылды. таңертең ғана күлімдеген күн сәулелерін жиып алып, бұлт артына жасырынды. Жел соғып, күн салқындады. Артынша жаңбыр жауды. Күн жарқырап тұрғанда жауар ақ жауын бар. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Ал аспан қабағы түйіліп, айналаны түнек басып, салқын тамшылар тырсылдап жерге тамғанда жан-жүрегің мұздап, көңіліңнің де аспанын бұлт басқандай болады. 

Бүгін де жаңбыр жауып тұр. Терезені жуған тамшыларды терезенің арғы жағынан бақылаймын. Ана бір үйдің есігінің алдында үсті-басы су болған мысық отыр. Дір-дір етеді суықтан. Сондай аянышты көрініс. Жып-жылы үйде отырсам да, су астында қалған мысықтай күй кештім. Үстіме күртешемді іле сала сыртқы атып шықтым. Бүрісіп отырған кішкене ғана мысықты қоым алып, құшағыма бастым. Ол да, мен де жылынғандай болдық. Күннің суығы мен бетімді жуып жатқан сұп-суық жаңбыр тамшыларын да елемедім. Мысықты құшақтаған күйде жып-жылы үйдің есігінен ене бердім. Үйімнің жылуынан көңілімдегі жылылық әлдеқайда бөлек еді. 

*****************

Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...! Соның бірі - жаңбыр. Ата - бабаларымыз қашанда жаңбырды «нұр» деп есептеген. «Жаңбыр жаумаса, жер жетім», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақал – мәтелдер соған дәлел бола алады.

Өз басым жаңбыр жауған күнді өте қатты ұнатамын, әсіресе жаздыгүні жайлауда жауған ақ жауынға ешнәрсе тең келмес. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Өзің де ыстықтан бір демалып, сергіп қаласың, ал жаңбырдан соң таза ауаның иісі не деген керемет! Дегенмен, «табиғатта жаман ауа райы болмайды» демекші, жаңбырдың да түр – түрі болады.  Көктем мен күзде көбінесе аспанды бұлт торлап, айналаны түнек басып, жаңбырдың салқын тамшылары жерге тарсылдап түскен кезде көңіл – күйіңді де бұлт басқандай болады. Бірақ, қандай болмасын, шелектеп жауған жауынның өз пайдасы бар, бұндай жауын жерге нәр беріп, жан – жануарлар мен құстарға да өз пайдасын тигізеді. Ал жаңбырдан соң болатын кемпірқосақ ол мүлдем ерекше дүние. Бейне бір сиқырға толы құбылыс қой. Күлімдеген күннің көзін көмкерген бұлттардан кейін шығатын бұл ерекше «сиқырлы құбылысты» бақылағанның өзі бір ғанибет деп білемін!

*****************

Табиғаттағы әрбір құбылыс өзінше ерекше. Соңын бірі – жаңбыр. Жаңбырды әркез «нұрға» теңейміз. «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «жақсының сөзі жырмен тең, жаздағы жаңбыр нұрмен тең» деген сынды халықтық мақалдар арқылы бұрынғы ата-бабаларымыздың жаңбырға ерекше сый ретінде қарағанын аңғарамыз. Расыменде, жаңбыр арқылы табиғатқа жан бітеді. Өсімдіктер мен егіндер өсіп-өніп, гүлдер жайқала өседі. Жаңбыр әр мезгілде әрқалай жауады. Көктем мен күз мезгілдерінде әр тамшысы суық болып, жауратады. Ал жаздың жайма шуақ кездеріндегі ақ жауын адам жанын жадыратын, ерекше сезімге бөлейді. Қапырық ыстықтан демалып, жаңбырдан соң тазаланған ауаны қайта-қайта жұта бергін келеді. Жаңбыр иісі адамға сергектік сыйлайды. Күлімдеген күннің көзің жауған бұлттан соң шығатын кемпіқосақтың «сиқырлы сұлулығын» көрудің өзі ерекше бақыт. Бұлтты күндері жауған салқын жаңбыр адам жанына қимастық сезімін ұялатып, жүректегі қоламталанып жатқан ескі естеліктерді еске түсіреді. Көңілің құлазытып, бір сәт өткенге оралтады. Міне, расыменде, ауа-райы адам көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Мен жаңбырды шексіз жақсы көремін. Жаңбырдын астында үстім малмандай су болғанша жүріп, өз-өзіммен сырласамын. Сол арқылы жаным жай тауып, бойымды ерекше сезім билеп, демаламын.

*****************

Жаңбыр жауар себелеп, гүлге қонар көбелек... Жауын жауған сәтте менің есіме осы өлең жолдары келеді. Көктемнің көркі жаңбыр.  Жаңбырдың түр түрі бар. Ол кеде құйып, кейде шелектеп, кейде сіркіреп жауып жатады. Ал көктемде жауатын жаңбыр ерекше, себебі күн жылынып жер тоңазиды да, жаңбыр жауған сәтте топырақ иісі мүңкиді.  Ертеде құрғақшылық замандарында адамдар жаңбыр суын ішкен екен. Жаңбыр түсі мөлдір, өзі ащы су. Жаңбыр артынан көбінде кемпірқосақ жауып жатады. Жаңбыр ауада бұлттардың күн жылып еруінен болатын процесс. Жаңбыр қаншалықты әдемі болғанымен де, балаларға жаңбыр астыеда көп жүруге болмайды. Себебі біздің иммунитетіміз төмен болғандықтан, біз тез ауырып қалып жатамыз. Сондықтан үнемі жауын болар күндері қолшатыр алып жүру керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз