Неге осы мамандық? Таңдағаныңа өкінбейсің бе? Журналисттің болашағы бар ма? Иә, әрбір жолыққан екінші адам осы сауалдарды қойып мазалайды. Ал мен өзімнің арманымнан бас тартпаймын. Қалай болсада Журналист деген киелі ұғымның бейнесіне айналамын.
Әрбір адам өз алдына мақсат қоя отырып, жаңа өмірге нық қадап жасауы тиіс. Соның бір дәлелі — мамандық таңдау. Мамандық ол сенің талантыңды шыңдайтын, уақытыңды арнайтын ұғым. Ал оны таңдау — өз қолыңда. Әрине, біріншіден жүрегің бұрып тұрған мамандықты таңдағаның абзал. Иә, жаның сүйетін жұмысты істегенге не жетсін! Сол жұмыстың майталманы болып, жілігін шағып, майын ішкендердің қатарынан көрінуге талпынамыз. Сол арман қанатында қалықтап ұшып жүрген жайымыз бар.
Өз оқиғамды айтуға да кезек келіпті. Бала кезден армандаған бұл мамандықтың шырақ оты жүректе әлі сөнген жоқ. Сөнбей-ақ та қойсын! Журналист деген асыл сөзді естігеннен ақ тұла бойың рахаттанады. Журналист болу екінің бірінің қолынан келмейтін, жүрегі дауаламайтын қауіпті де қызықты мамандық. Адам шіркінде арман таусылсын ба?
“Апа-ата, мен өскенде журналист боламын. Мені мына төртбұрышты дүниеден көресіңдер” — деп бала арманға жетелеген уақытқа да кеп қалдық. Журналист болу қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық. Журналист халықтың үні, жаршысы, хабаршысы. Елде болып жатқанның бәрін бүкпесіз ашық шынайы жеткізе білетін күш. Халықтың мұңын естіп, мінбердегілерге жеткізетін жалғыз атқарушы жүйе деп санаймын. Соның арқасында мәселелердің шешімін тауып, түйін жасай алу. Бұл мамандыққа барлық жан дүниеңмен кіре алсаң ғана шыңға жетесің. Әр таңдаудың артында белгілі бір себеп жатар. Сол себепті шынайы өмірге айналдырамын деген сенімдемін. “Ат айналып қазығын табар”- демекші… басқа мамандық таңдауға талпынғаныммен бәрібір жылы самал мені өзіне баурап алды. Бұл мамандық мен үшін өте мәртебелі.
Осыған дейін мектеп қабырғасында оқып жүріп түрлі қызмет атқарып өзімді сынап көрген болатынмын. Мен өзімді бұл мамандыққа лайық көремін. Өзімді шыңдап, рухани жетіліп, “Білемін”емес “Білгім келеді” деген ұранмен алға басамын. Себебі адам өмірге бәрін біліп, оқып келмейді. Журналистика саласына түсу арқылы еліме, халқыма адал қызмет атқарғым келеді. Елде дау тудырған мәселелердің шешілуіне ат салысудан басқа бақыт бар ма,сірә?! Жылдан жылға журналисттердің саны көбеюде. Бұл өте қуантарлық жаңалық. Бірақ бұл қателесуге болмайтын мамандық. Қоғамға да адамға да қызмет ететін күш.
Қазір тас лақтырсаң журналистке тиетін заман. ХХI ғасыр журналисті қалай болу керек? Журналист тіл тапқыш, пысық, жан-жақты болу керек деп ойлаймын. Жаңалықты бірінші біліп тұруы шарт. Себебі журналист қоғам айнасы. Соның арқасында халық жаңалықтан хабардар болады. Ақпараттың алтын көпірін жалғап тұрған жандардың қанаты талмасын. Өте мықты, рухты адам ол журналист деп білемін. Журналист болудың жақсы қырлары ел-жер көре алуда. Адамдармен қарым қатынас орнатуда. Өмірлік тәжірибе ғой былай айтқанда. Ал минустарын көре қойған жоқпын. Себебі таңдауым ос мамандық. Таңдауымнан жаңылыспаспын деп үміттенемін. Қазір заман қалай дамыған деймін да?! Ақпараттың бәрі бар. Соны дұрыс пайданалана алу керек. Теледидардан сұхбаттарды, бағдарламаларды көрген сайын жүрегің елжіреп кетеді. Кейіпкердің орнына өзіңді қойып, құдды бір ертегіде жүргендей сезінесің. Бала кезімде “Дара жол” бағдарламасын көзім шалып қалып, қызыға тамашалайтынмын. Сол кезде “Менің де өзімің Дара жолым болады” деген сәби жүрек арман мені әлі шақырады. Жүргізушілер сияқты киініп, сөйлеу мәнерімді өзгерткенім әлі есімде. Сұхбаттары да өте қызықты болатын. Сол кісілер сияқты тәжірибе жинап, қалың көпшілікке сапалы дүние ұсынуға тырысамын.
Арман мені алға жетелейді. Арманға жету жолында қиындықтарға төтеп беремін. Уәде беремін. Уәде беру қиын. Ал оны орындау оданда қиын. Мен қалай болсада журналист деген адал атқа ие боламын, және оған кәміл сенемін. Мен аңсаған мамандық — журналист.
Апшерхан Бұлбұл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі