Өлең, жыр, ақындар

Журналистердің басты қаруы

Бұл қоғамда журналистердің рөлі маңызды. Оның берген ақпараты бүкіл әлемді өзгертуі мүмкін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандықтың болашағы жарқын. Ал нағыз журналистің қаруы қандай?

Журналистің басты қаруы — ақпаратты дұрыс, шынайы жеткізе алуы. Жалпы айтқанда халық пен үкімет арасындағы көпір. Күнделікті жаңа ақпаратты сүзгіден өткізіп жариялайды. Яғни, әрқашан ізденісте болуы тиіс. 

Біріншіден, елде ғана емес әлемде болып жатқан жағдайларды біліп отырғаны абзал. Екіншіден, Жаңаша білім алып, шет елден тәжірибе жинау арқылы жаңашылдық енгізуіміз керек. Ал қазіргі журналистикадағы өзекті проблемалардың бірі деп әлеуметтік желідегі қате пікір тудыруды айтатын едім. Себебі, қазір заман дамыған. Әлеуметтік желі өз деңгейін көтермесе жоғалпағаны айдан анық. Ал сол жердегі журналисттердің қателігі оны тиімді пайдалана алмау. Қате ақпарат берудің кесірінен халық арасында үлкен дау-дамайлар туындайды. Журналист қателеспеуі керек. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандықтың айырмашылығы осы жерде. Иә, журналисттің жеке пікір  айтуы орынды. Бірақ халықпен де үкіметпен де санасуы қажет. “Екі кеменің басын ұстаған суға кетер” деген сөз осы жерде айтылуы тиіс. Яғни, орта зонада бола алу. Алайда өз сөзіне жауап бере алу, патриоттық рух, отансүйгіштік қасиет әр журналистте болуы керек. Бұл мәселенің шешімін сараласақ, саналуан түйін шығарамыз. Оның бірі көзқарасты өзгерту, жаңашылдық енгізу. Қуантарлық жайт, жыл санап журналистика мамандығына сұраныс артуда. Жүрегінде от ойнаған, патриот, шыншыл өрендердің саны артуда. Бұл ел болашағынан жарқын үміт күтілетіндігін аңғартады. Сапалы дүние шығарып, санғасырлар бойы жалғасын тапқан журналистиканың айбыны асқақтай бермек. Тағы бір шешу жолын қарастырсақ журналисттерге жаңа мүмкіндік беру. Жаңаша ойлау мен жаңаша білім алу. Мен журналист болсам шет елде білім алып, сол алған білімімді өз еліме келіп тәжірибеммен бөлісетін едім. Халықтың көзін ашып, көкірегін оятатын заман келді. Солардың қатарынан өзімді көре аламын. Себебі, қазіргі халықтың түпсанасы, ойлау тактикасы түбегейлі өзгерген. Қолынан келген адамға халықтың ойын бағындыру қиынға түспес. Әрине, егер дұрыс жол нұсқасаң.

Сонымен қатар, журналист қатесіз, дұрыс жаза алуы керек. Баспасөздерде яғни, газет-журналдарда қазақ тілінің граматикасына, мақалаға дұрыс тақырып қоя алуына, оның жинақылығына аса мән беруі қажет. Егер де ол сөз төркінін түсінбесе, сөз саптауы дұрыс болмаса оның журналистика саласына көк тиындық құны болмайды. Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов айтқандай: Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің  болашағы зор» екені бесенеден белгілі. Заман дамып, технология қанша биікке көтерілсе де, қазақ тілінде шығатын мерзімді басылым беттерінің де құндылығы  жоғалмайды. Газет-журнал қай уақытта болмасын ақпарат кеңістігінде өз орнын жоймаган сала. Журналистика саласының маманыболу үшін  көп оқып, көп біліп, қандай да бір ақпаратты дәлме-дәл, қатесіз, шындықты халыққа жеткізу керек. Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі  жоғары дамуына үлес қосуымыз қажет. Ғаламтордағы мән-мағынасыз жалған ақпаратка көз жүгірте бергеніміз қате болар. Бұл ең маңызды қару.

Одан кейін, журналистің басты қаруы ол аудиторияны өзіне қарата алуы шарт. Қазіргі адамдарға, қоғамға қандай тақырып қызық? Оларды не арқылы таңғалдыруға болады? - деген мақсатты алға қоямыз. Мысалға алсақ, бұрын мультимедиа саласы дамымай тұрғанда, экран тек қара мен ақ түстерден тұрған. Кейін дами келе, түрлі түсті көрсету жетістігіне жете алды. Ал жалт-жұлт етіп, тез жылдамдықпен түрлі эффекттерді қолдану арқылы балаларды тіпті үлкен адамдарды қызықтыра аласың. Міне, мәселе қайда жатыр. Бірақ бұл жерде ең маңыздысы дұрыс дүние ұсына алу. Себебі, қазіргі қоғамда танымалдылық үшін адам баласына ойына келгенін жасауда. Фейк(жалған) ақпарат таратып, адамдарды арандату арқылы олар өз дегендеріне жетеді. Манипуляцияның кесірінен адамдар арасында қате пікірлер туындайды. Солардың бірі төтенше жағдайларда. Мысалы, күллі қазақты дүр сілкіндірген “Қаңтар оқиғасы”. Өздеріңіз білетіндей бұл оқиға арандатушылық әсерінен болды. Қазақтың түбіне жеткісі келген бұзақы бас бұзар топтар адамдардың сеніміне кіріп, арандатып, олардың өз халқын өзі талқауға дейін жеткізді. Оқиға барысында түрлі фейк ақпараттар тарап, ел есін ауыстырды. Бұндай жағдайға дайын болмаған халықымыз екі ортада қалды. Кімге сенерін білмеді. Сол кезде дереу іске кіріскен мемлекет басшысы мемлекеттегі интернет желісін өшіріп тастаған болатын. Есесіне, тек теледидарда шынайы ақпарат жеткізетін хабар таратушы журналистер қалды. Міне, осы тұрғыда да журналистердің қоғамдағы рөлін көре аламыз. Ес жия алмай отырған халқымызға шынайы дерек ұсынып, сабырлыққа шақыра білгендер осы журналистер.

Тағы да қоса кетсем, журналистің бойында болуы керек қасиет ол патриоттық, мемелекетшілдік. Себебі, өз елін, жерін сүйе білетін журналист ғана сол елдің болашағын дамыта алады. Президент: "Бізде заң бойынша цензура жоқ. Ақпарат еркіндігін барынша қамтамасыз етіп жатырмыз. Бірақ еркіндік деген ойыңа не келсе, соны айту емес. Кез келген демократиялық елдерде жалған  ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Мен әрбір журналист, ең алдымен, мемлекетшіл азамат болуы керек деп санаймын. Осы орайда, Некрасовтың: ”Ақын болу шарт емес, азамат болу - міндетің" деген қанатты сезі бар. Сондықтан арқайсымыз еліміздің патриоты болуға тиіспіз".

Апшерхан Бұлбұл


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзіңіз болсаңыз - "Авторы" деген жерді бос қалдырыңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз