Өлең, жыр, ақындар

Абонент байланыс аясынан тыс жерде, немесе кейінірек қоңырау шалыңыз...

Телефонға жиі қоңырау шалғанда, абонент тұтқасын көтермеген кезде оператордың осындай хабарламасын ылғи естиміз: «Абонент байланыс аясынан тыс жерде немесе кейінірек қоңырау шалыңыз. Сол хабарламаны айтатын оператордың кім екендігі баршаңызға қызық болар?

Бұл дауысты көп жылдан бері салып жүрген диктор — Бибигүл Керімова екен. 

Бибігүл Керимова — радио және тележүргізуші, танымал диктор, «Мәдениет және өнер саласының үздігі», «Coach — 2023» атағының иегері. 20 жылдық тәжирибесі бар мол, брэнд — дауыс. Еліміздің телеарналарында танымал жарнамаларды, жобаларды Бибигүл апай дыбыстайды. Тіпті әуежайдағы нұсқаулықты, автобус аялдамаларын өзінің әсем даусымен хабарлайды. Осы уақытқа дейін «Beeline», «Halyk bank», «2gis», «Kia» және тағы да көптеген топ брэндтерді дыбыстаған. Ол — өз ісінің хас шебері. Өзінен кейін де елімізде танымал дауыс иесі болғанын қалайды. Сол мақсатта ашылған «Biba Voice» дикторлық оқу курсы көп адамның арманын орындады. Курс жас таңдамайды, кез-келген даусының анық, сенімді естілуін қалайтын жан еркін қатыса алады. Бүгін де Бибигүл Керімованың курсы жақсы дамып, шәкірттеріне үздік мүмкіндіктер сыйлап жатыр. Өзінің курсы туралы ол «біздің жоба, адамды даусы арқылы сенімділікті оятуға және кәсиби деңгейге жеткізуге бағытталған. Курстан кейін ересек не бала өзіне толық сенімді, коммуникацияға жақын, әрі жаңа жағдайларға бейімделетін болып шығады. Сонымен қатар, кәсиби, нық қойылған дауыс келешекте табысыңыздың өсуіне, зор мүмкіндіктерге қондыратынын ұмытпағаныңыз жөн»  — дейді. Дауыс жарқындығы — адамның рухани сенімділігінің айнасы.

Егер сен де дәл Бибигүл әпке секілді даусың арқылы барша халықты тамсандырғың келсе, онда дикторлыққа қадам бас. Диктор болу тек журналист немесе дубляж актеріне ғана тән емес, ол әртүрлі сала адамдарына да жарасатын көркем өнер. Осы сала арқылы сен өзіңнің брэнд — даусыңды қалыптастыра аласың.

Садық Медина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ернар Ж

Қай жерде бару керек дауысты тұрыстау үшін?

Medina2209

Кез келген шешендік өнер курстарына баруға болады ????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз