Есте сақтау қабілетіміз нашарлаған сайын, жан дүниеміз де беймаза күйге түседі. Бұған сену қиын, алайда есте сақтау қабілетінің төмендей бастау мерзімі біз ойлағаннан да ерте екен. 20 жаста-ақ адам есіне сақтайтын жайттар азая түседі. Бұдан кейін адам ойы көп ақпаратты сақтай алмай, жаңаны ойда ұстай алмай, көнені еске түсіре алмайтын дәрежеге жетеді. Алайда бұдан шығар жол мен жаттығу түрлері бар. Бастысы төзім мен өз-өзіңе деген құрмет болу қажет.
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз. Бұл миды «оятуға» көмектеседі.
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі.
Әдетте тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба, онда ауыстырыңыз. Тамақты сол қолмен жейсіз бе, онда оны да ауыстырып көріңіз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың айтуынша, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.
Сөзбен емес, қолдарыңыздың көмегімен әңгіме айып көріңіз. Түсінбегендерге түсіндіруге тырысыңыз.
Жұмысқа таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз (қайтыңыз). Ол жол алыс болса, тіптен жақсы, мидың жұмысына пайдасын тигізіп қана қоймай, денеге жаттығу болады.
Үнемі өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті сіз жақсы білмейтін қызметті ұсынса да, келісе беріңіз. Сіз бәрін дұрыс білмей тұрғанда ми белсенді қызмет атқарып, бір амалы табыла кетеді.
Жауабы қалыпты сұрақтардың өзіне басқаша жауап беруге тырысыңыз. Мысалы, «қалың қалай?» деген сұраққа өте ұзақ әрі креативті қылып жауап беруге болады. Таптаурын болған әдеттерден арылыңыз.
Тиынның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Бұл жаттығу, әсіресе кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды әрі пайдалы.
Газет-журналдар сөресіне жақындағанда мүлде назар аудармайтын журналдарды алыңыз. Мысалы, сізді сән журналдары қызықтырса, экономика саласына арналған журналды алыңыз. Басқа елдер мен саяхат туралы оқығанды ұнатасыз ба? Онда жануарлар туралы қызықты жазбаларға көңіл аударыңыз.
Теледидардың дауысын өшіріп тастаңыз да, экрандағы кескіндерге қарап, диалог не монолог құрастырып көріңіз. Бұл жаттығуды достарыңызбен отырып жасаған анағұрлым қызықты өтеді.
Демалысыңызды тек қалада өткізіп жүрген болсаңыз, келесіде қала сыртына, табиғатқа шығыңыз. Музыка тыңдағанды аса ұнатпайсыз ба, концерттерге барыңыз, түрлі сезімдер болары сөзсіз. Тіпті ұнамай бара жатса, кетіп қала саласыз.
Бұл жаттығуларды демалыста қолдануға кеңес береміз. Егер кез келген істі асықпай істейтін болсаңыз, 2-3 есе қарқын қосып, шапшаңдатуға тырысыңыз. Ал, егер бір орында отыра алмайтын тынымсыз болсаңыз, бәрін өте баяу атқаруға тырысыңыз. Байыппен қараңыз.
Жаңа әзілдер мен анекдоттар ойлап табу — миға өте пайдалы. Бұл ақыл-ойдың жұмысын жақсартып қана қоймай, креативті ойлау жағын да дамытады.
Оқуға кеңес береміз:
Миға кері әсер ететін 10 нәрсе
Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар
Адам миына қатысты 30 қызықты дерек
Мидың оң және сол жақ жарты шарлары
Біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 факт
Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі