Өлең, жыр, ақындар

Қарақу қандай құс?

Аққу — құс падишасы.

Қазақ ұшқан құсты, жүйрік атты қастер тұтқан. Құс ішіндегі қыранды, қарлығашты, аққуды қасиетті құстар санаған. Үйіне ұя салған қарлығашты көрсе, “құт келді” деп қуанған. Ал қыранды аңға салып саятшылық құрған. Аққуды құстың сұлуы деп ерекше жақсы көрген. Пәктік пен сұлулықтың символы санаған. Ақындар мен суретшілер құс төресіне қаншама шығарма арнады. “Аққу мойын” немес “аққудайын сұңқылдап” деп неше түрлі теңеулер жазды. Жігіт пен қыздың махаббатын көріп, “аққудай айрылмайтын жұп болсын” деп тілек айтты.

Жалпы аққудың алты түрі бар. Біздің жерімізді қыстайтыны екеуі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу. Қарақу (тек Аустралияда кездеседі), бұдан бөлек кішкентай аққу, америка аққуы бар. Бір қызығы аққу тек ақ болмайды Оның қарақу деп аталын түрі бар.

Табиғаттың ғажабы адамзат жамандық пен жақсылықты қара және ақ түстерге теңесе аққу мен қарақу да сондай қасиеттерге ие. Мысалы біз жоғарыда айтып кеткен теңеулер аққуға тән қасиеттер. Ал қарақу керісінше басқыншылдық мінезімен ерекшеленеді. Олар тіпті жаңадан туған балапандарды өлтіреді екен.

Қара аққу — үйректектестер отбасына жататын құс. Аустралиялықтардың ең сүйікті құстарының бірі саналады. Оларды бізге жақын таныс ақ қанатын сабалап, асыр салатын аққулармен салыстыруға болмайды.

Отаны — Аустралия мен Тасмания. ХІХ ғасырдың орта тұсында оларды Жаңа Зеландия жеріне жерсіндіреді.

Ал Солтүстік Америка мен Еуропада олар қорықтар мен саябақтарда өсіріледі екен. Қара аққулардың тағы да бір ерекшелігі, олар жыл құстарының қатарына жатпайды. Өздерінің дүниеге келген жерлерінде өсіп-өніп, сол жерде қартаяды. Ересектерінің ұзындығы 110 және 140 сантиметр аралығында болса, салмақтары  4-8 келі болып келеді. Қара аққудың мойнының ұзындығы басқаларға қарағанда ұзынырақ келеді. Олар 31-ге жуық мойыномыртқасының арқасында су астына терең бойлап, өзіне қажетті қорегін оп-оңай таба алады.

Қызығы, олардың қанаттарының астындағы жүні бұйра болып келеді екен. Тұмсығы қызыл түсті және оның айналасы ақ сақинамен безендірілген. Көздерінің түсі — ашық қоңыр, сарғылт келеді.

Оқуға кеңес береміз:

Аққу

Құстар қаншалықты ақылды?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер