Психологтар махаббаттың үш-ақ жыл өмір сүретінін айтады, кейбірі алаулаған жалынды сезім бір жылдан кейін сөне бастайды дейді. Алайда ғашық жұп махаббатарының қанша жыл өмір сүретінін өздері шешеді. Яғни біз жазған белгілерді байқасаңыз, сезім суып бара жатқанын көрсетеді, бұл олқылықтарды дер кезінде жойып отырса, сезім күннен күнге өршіп, одан сайын тереңдей түсуі де ғажап емес.
Сіз жолдасыңыздың жанына жақындап, құшақтасаңыз, ол бұл әрекетке қуанып қалады. Ал уақыт келе құшақтап, назданғаныңызға мән бермейтін болса, тіпті шегіншектеп, итеріп тастаса, бұл мәселені шешімсіз қалдыруға болмайды.
Уақыт өткен сайын әр ұрыста ауыр-ауыр сөздер айтып, жаныңызды жараласа, көңіліңізге қарамайтын болса, әсіресе бұрын мұндайын байқамаған болсаңыз, дереу тоқтау салу керек. Сіз де осылай жауап қайтару не сол сәтте қарсылық білдіру арқылы емес, ашуларыңыз басылып, оңаша шүйіркелескенде мұның соңы жақсылыққа апармайтынын айту.
Сіздің асүйдегі талантыңызға, бірден көлік айдап үйреніп кете алмағаныңызға, киіну стиліңіз бен макияжыңызға, кәсіби қызметіңізге, сырт келбетіңізге мысқылмен қарау сізге деген сезімі қалмағанын білдіреді. Бұрын үндемей келген нәрселері туралы ашық айта беретін бола, мұны да доғару керек.
Әр затты орнына қоймау, төсекті дұрыс салмау, кеш ояну, жұмыстан кеш келу – осындай бір-ақ рет жіберілген қателіктің өзіне ашуланып, күн сайын ұрыс шығарып отырса, бұл да сезімның суығанынан хабар береді. Мұндай кезде не істесеңіз де жақпай, отырсаңыз опақ, тұрсаңыз сопақ боласыз.
Бір-бірін жақсы көретін жұп кез келген істі ақылдасып, бірге шешіп отырады. Тіпті үйдегі ұсақ-түсекті де, кез келген нәрсеге қатысты ойын сізге айтатын жолдасыңыз енді барлығын өзі шешіп, сіздің пікіріңізбен санаспаса, махаббат өткен шақта қалды дей беріңіз.
Бұрын сіздің сыңғырлаған күлкіңізді, тіпті жай ғана жымиғаныңызды ұнатып, соны күн сайын көруге асығатын күйеуіңіз енді сізбен жұмысы болмай, өзі қалжың айтпақ түгілі, сіздің қалжыңдарыңызды көтермейтін халге жетсе, тағы да ескірген махаббаттың көрінісі деп түсінесіз.
Отбасы болған соң ері мен зайыбы бір-біріне үнемі қамқорлық танытып, ауырып қалса жанұшырып жүгіріп, одан да өзім ауырғаным жақсы еді деп уайымдап жүреді. Сәл жанынан жырақтаса қайда, не істеп жүргеніне алаңдап отырады. Мұндай жағдайлар өткеннің еншісінде қалса, сезімдеріңіз де сол ауылда алыстап қала бергені.
Кез келген жағдайда арқа сүйейтін «сенімді серігіңіз» жоғалып, орнына үнемі қорқыныш пен үмітсіздік сезімі орнаса, жолдасыңыз бұрынғыдай сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп, жаныңызды жылытпаса, оның тарапынан сезілген салқындық сөзсіз түсінікті деп ойлаймыз.
Әрине, мұндай сезімдер өтпелі болуы да ықтимал. Денсаулығына, көңіл күйіне, қаржылық жағдайға, басқа да себептерге байланысты белгілі бір уақыт бір-біріне көңіл бөле алмай қалса, оған соншалықты алаңдамауға болады. Ал бұл жағдай екі-үш айға созылып кетсе, нағыз мәселе сонда туды дей беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі