Өлең, жыр, ақындар

Жұлдызды қалашықтың жас спортшысы

Толыбай Динмухаммед Хасенович - Байқоңыр қаласының мақтанышы. Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған. 5 жасынан бастап таэквондоға қатысады. Бүгінде 13 жасында әлемнің 5 елінде болған. Атап айтқанда: Ресей, Түркия, Катар, Ливан, Босния мен Герцеговина, Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласы. Түрлі деңгейдегі жобалардың жеңімпазы. Облыс, аудан, қала әкімдерінің алғыс хатымен марапатталған. Өз қатарластарына үлгі болып жүрген жасөспірім. Мектептің қоғамдық өмірінде белсенді «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы. Мықты дайындық. Нәтижесі - әлем чемпионы.

- Жарысқа шығар алдында қандай сезімде боласың?

Динмухаммед: Әр жарысқа шыққан сайын әрине қобалжу, уайымдау болады. Бірақ алда жеңіс бар деп өз өзімді қамшылап алға ұмтыламын және қазақтың көк байрағын желбіретіп,биік белестерді бағындыруға бар күшімді саламын. Бұл ретте маған сенім артып отырған бапкерлерім және ең бастысы отбасым маған күш береді. Қай спортшы болса да,жеңіске жетем деген үмітпен барады. Әр жарысқа шыққан сайын өзіме сенімімді қамшылап шығамын. Қаншама еңбек тер төгіледі. Бірақ қиындыққа мойымай алға ұмтылу керек деп есептеймін. Әлем чемпионаты Босния мен Герцеговина елінде өткен жарыста 3 орын және Азия чемпионатында 1 орын иелендім. Бұл мен үшін үлкен жеңіс.

- Мектепте қоғамдық жұмыстар мен спортты қатар алып жүру қиын емес пе?

- Негізі барлық жұмыстарды үйлестіріп алып  жүруге болады. Егер ынта, көңіл болса. Мектепте екеуін қатар алып жүруге тырысамын. Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Бірақ мен үшін спорт бірінші орында. Себебі, іштегі үлкен арманым, мақсатым бар. Сол мақсатыма жетуге барынша күш саламын.

- Бос уақытыңды қалай тиімді  пайдаланасың?

- Менде бос уақыт жоқтың қасы десем де болады. Сабағым бар, қосымша үйірмелерге және жаттығу жасау заллына барамын. Ал егер бос уақыт болып қалса отбасымызбен демалып, серуендейміз, жүгіреміз.

- Болашақта кім болғың келеді?

- Болашақта әрине Әлем чемпионы болғым келеді. Қазағымның көк туын желбіретіп, Әнұранын шырқатсам  менен асқан бақытты адам болмас еді – дейді.

- Арман мақсаттарың орындала берсін. Мен саған сенемін, мақтан тұтамын. Алар асуың, биік шыңдарың әлі алда. Сәттілік тілеймін!

Білімнен, өнерден, спорттан жүлдегер болып келіп жатқан жастарымыздың қатары көбейіп, жұлдыздары жарқырай берсін!

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы 273 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ержанова Айжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Сурикова Аружан

Керемет мақала!Оқушы деңгейі өте жоғары,ұқыпты жазылған.
Болашақ мықты журналист!!!

№№№

СУРИКОВА АРУЖАНГА ТОЛЫКТАЙ КЕЛИСЕМ

менің атым Қожа

Сурикова Аружанга толық келісем

Мысаханова Амина

Жарайсыңң, , Дінмұхаммед Осындай мәліметтер арқылы еліміздің болашақ чемпиондарын танимыз. Тамаша

Дана Нұрханқызы

Мақала ғажап! Алдағы уақытта биік шыңдардан көріне беріңіздер

Динара

Бауырым сәттілік

Gulmira Alimbetova

Өте керемет! Димашқа армандарың орындалсын! Айжан, қаламың үштала берсін!

Гулназ

Жарайсың Айжан. Жазатын мақалаң көбейіп, қаламың ұштала берсін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз