Өлең, жыр, ақындар

«Өмірзая» романының сюжеті туралы

Жазушы Баққожа Мұқай білгір саясаттанушы да болатын.

Жұмабай Шаштайұлы

Соңғы жылдары мен оқыған қазақ романдарының ішінен ең алдымен, маған ой салып, жүрегімді тебіренткен Баққожа Мұқайдың «Өмірзаясын» атар едім. Бұл роман көш құлаш мақала жазуға негіз бола алады. Бірер ауыз сөзбен қысқа қайырсақ, бұл — тынысы кең, идеялық жүгі ауыр, шым-шытырық оқиғаға құрылған, болмыс-бітімі жан-жақты, заман ағысын, ұлттық тарихтың жауапты кезеңін терең бажайлап,  баяндайтын, кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын сүбелі, соны туынды.

Герольд Бельгер

Білгенге маржан

Кү­рес­кер­лік са­рын, ру­ха­ни са­бақ­тас­тық бір шы­ғар­ма­дан бір шы­ғар­ма­ға көш­кен сай­ын үзіл­мей үн­де­сіп, жал­ға­сып жа­та­ды. «Өмір­зая» романын­да­ғы Ая­ған бей­не­сі ар­қы­лы жи­ыр­ма­сын­шы ға­сыр­да­ғы қа­зақ хал­қы­ның ба­сы­нан өт­кен ұлт­тық тра­ге­дия су­рет­кер­лік ше­бер­лік­пен көрініс тап­қан. Тұяғы­нан қан сор­ға­ла­ған жырт­қыш, зы­миян қо­ғам­ның отар­шыл­дық сұр­қия сая­са­ты­ның ас­та­рын ба­тыл әш­ке­ре­лей­ді. Ая­ған­ның ба­сы­нан өт­кен оқи­ға­лар­ды су­рет­тей оты­рып, сол кез­де­гі қо­ғам­дық ор­та­ны, тағ­ды­ры тәл­кек­ке түс­кен ұлт қа­сі­ре­тін, ха­лық­тың ая­ныш­ты жағдайын жай­ып са­ла­ды.

Ая­ған­ның қа­сі­ре­ті — ұлт қа­сі­ре­ті. Лаж­сыз­дық, ба­сың­ды тау­ға ұр­саң да, түк шы­ға­ра ал­май­тын ша­ра­сыз­дық ұлт ба­сы­на түс­кен ау­ыр бұ­ғау­дың бұл­жыт­пас, мой­ын бұр­ғыз­бас сал­ма­ғы­нан еді. Сол зіл­мау­ыр бұ­ғау­ды сіл­кіп тас­тай ал­май, ке­ше­гі Алаш арыс­та­ры да мы­нау жа­рық жал­ған­ның есі­гін соң­ғы рет ыш­қы­на бір теу­іп, жан қи­ып ке­те бар­ған бо­ла­тын. Ая­ған да сол кеп­ті ки­іп, фә­ни дү­ние қор­лы­ғы­на ерік­сіз мо­йын­сұ­нып, бақилық­қа ат­та­на­ды. Мі­не, «Өмір­зая» ро­ма­ны — ке­ше ға­на ба­сы­мыз­дан өт­кен күр­де­лі өмір­дің ай­на­сы. Ро­ман­ды оқу үс­тін­де сол Ая­ған ғұ­мыр кеш­кен қо­ғам­да өзің де бір­ге жүр­ге­нің­ді се­зін­ген­де жа­ның түрші­ге­ді. Ойға қа­ла­сың, өзі­ңе-өзің сұ­рақ қоя­сың. Жа­зу­шы оқыр­ма­нын толғандырған­да ға­на, ой сал­ған­да ға­на өз мақ­са­ты­на же­те­ді. Бұл тұр­ғы­дан ал­ған­да, Бақ­қо­жа — өз мақ­са­ты­на да, мұ­ра­ты­на да жет­кен жазушы. Өйт­ке­ні Бақ­қо­жа — өз за­ма­ны­ның жа­зу­шы­сы. Қа­лам­гер­дің  ең үл­кен ба­қы­ты да сон­да. Ар­тын­да өл­мес мұ­ра­сы бар­да, қа­лың ел, өсер ұр­пақ бар­да Бақ­қо­жа­ның есі­гі мәң­гі жа­был­май­ды. Ол хал­қы­мен бір­ге жа­сай бе­ре­ді. Бақ­қо­жа­дай асыл ер­дің ру­хы қа­шан­да көп­тің жүрегін­де, кө­ңіл­дің тө­рін­де, өмір­дің өрін­де!

Несіпбек Айтұлы

Міне, қызық!

Бақ­қо­жа Мұ­қай ро­ма­нын жа­зу ба­ры­сын­да шы­ғар­ма сю­же­ті­не қа­жет­ті маз­мұн­ды шы­найы көр­се­ту үшін ау­ру­ха­на, жын­ды­ха­наға, тіп­ті түр­ме­ге ба­рып, ма­ман­дар­мен жиі ке­ңес­кен екен. Кей­бір зерт­теу­ші­лер шығарма атауын «Өмірзая» жұлдызымен байланыстырады. Ол өзге жұлдыздардан бұрын туып, бұрын сөнетін, айдың жанынан көрінетін жұлдыз екен.

******

1917-1990 жылдар аралығы Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңі ретінде тарихта қалды. Бұл кезеңде коммунистік партия деп аталған бір ғана партия болды. Осы партия бүкіл жауапкершілікті, билікті өз қолына алып, халықты уысынан шығармай ұстады. Кеңес өкіметіне, партияның ұстанған саяси бағытына қарсы келген бірде-бір шығарма жарыққа шықпайтын, ал қарсы тұрған адам аяусыз жазаланып, құлдық сананың құрбанына айналып отырған.

Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала бастады. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман «Өмірзая» деп тегін аталып тұрған жоқ.

Өмірзая — босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің  таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер — тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы — профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төретуралы көлемді зерттеу жұмысын жүргізеді.

Ал коммунистік партия хандық билік пен би-болыстарды теріске шығарып, ал байларды «халық жауы» ретінде жер бетінен жойып жіберген. Бұл туралы жазбақ тұрмақ, айтуға да тыйым салған, сондықтан да профессор Алдиярдың Кенесары туралы, ал Аяғанның XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері Сыздық төре Кенесарыұлы (1837—1910) туралы еңбек жазып шығуы үлкен қылмыс болып саналды. Сюжет тартысына арқау болып тұрған себеп — осы.

Аяған — ұстазы сияқты адал тарихшы ғана емес, адамды бағалай білетін мейірімді, адамгершілігі мол, ақылды жан, тағы қыры — қызбалығы. Ғалым әділетсіздікке шыдамайды, шындық жолынан тайқымай өмір сүргісі келеді. Оның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен-ақ көруге болады. Аяған — профессор туралы ойлайтын да, жаны ашитын да, іздейтін де жалғыз  адам. Алдиярдың ұлы Сыздық ішімдікке салынып кеткендіктен, әкесіне мүлде қарамайды.

Профессордың ресми саясатқа қайшы Кенесары туралы зерттеу еңбегі халыққа жат деп жарияланып, жала жабылып, қудалауға ұшырап, психологиялық орасан зор қысым көрген атақты ғалым сал ауруына ұшырайды. Ал оның шәкіртіне жабылған жала романда былай суреттеледі: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық Кенесарин туралы мадақ мақала жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына от жағу үшін Сыздық сұлтан туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. Пиғылы жат, ойы бөтен адам. «Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы — үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу» деген. Ауғанстандағы соғысқа қарсы үнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған.

Кеңес үкіметі басшыларының беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл, сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында қызмет істеуіне болмайды» т.б. Осылайша, Аяған тып-тыныш істеп жүрген қызметінен қуылып кетті. Алдияр Ақпанұлынан іргесін аулақ салып, ректордың  ыңғайына көніп, сол кісінің дегенімен қимылдаса, ұрттап ішіп, шайқап төгіп  жүрмес пе еді. Бастаған ісінің арты жақсы аяқталмасын біле тұра, сүйекке бітті қыңырлығына басып, ағысқа қарсы жүзді. Жоғарыдан келген тапсырманы  әдейі қисайта салды. Шындықты іздеп, ең ақыры сол адамның алдына баратынын білсе, емтихан тапсырған қызына жақсы баға қойып, жақсы атқа ие болар ма еді?!

Шындық үшін жаным пида дейтін Аяған ол қызға әкесінің беделіне бола  жақсы баға қоймасына сенімді. Сол кезде қыздың әкесінің кім екені Аяғанға  алдын ала айтылды. Бұл соны біліп, қырсықты. Ақыры, міне, өзі шалқасынан түсті. Іздеп барған үлкен шындығы шын мықтының бір сілкігенінен  қалмай жалп етіп құлады да, қайтып бас көтере алмады, шыбын жаны шырқырап, өтіріктің өртіне түсіп өртенген жігітке көмекке келмеді», — дейді.

Аяғанның аңғалдығы — заң күшіне сенуі. Сондықтан жоғарғы жаққа, лауазымды  екемелерге әділдік іздеп, арыз жаза бастайды. Нәтижесінде жоғары жақтың бұйрығымен түрмеге де, жындыханаға да түседі, ақыр аяғында көз  жұмады. Романдағы Мұса, Жақия, Мақсұт, Алмас — құлдық сананың қолшоқпарына айналған — сол кезеңнің типтік бейнелері. Сірескен қоғамдық жүйеге  қарсылық білдірген Алдияр мен Аяған тарихи шындық үшін құлдық сананың құрбаны болады.

Б.Мұқайдың «Өмірзая» романында Кеңес кезеңінде жағымпаздар ғана жақсы өмір сүре алғандығы, ал шындықты бетке айтып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге ұмтылған жандарға саяси жағдайдың тосқауыл болғандығы нақтылы кейіпкерлер арқылы ашылған. Алдияр мен Аяған — ұлттық  мүдде жолында күрескен типтік образдар.

Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Жанр тұрғысынан бұл шығарма қара сөзбен жазылған саяси-тарихи романға жатады.

Оқуға кеңес береміз:

Баққожа Мұқай өмірбаяны


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз