Наурыз мерекесін Ауғанстан, Иран, Әзірбайжан, Албания, Грузия, Қырғызстан, Македония, Түркия, Түрікменстан, Татарстан, Дағыстан және Өзбекстан мен Тәжiкстан елдері атап өтедi. Наурыз — түркітілдес халықтардың ортақ тарихының бір дәлелі. Әр ел өзінше тойлайды. Бірақ мерекенің мақсаты бір. Ол татулық пен бірлікке шақырады.
Наурыз мерекесін әр ұлт әртүрлі қарсы алады. Түрлі тағам әзірлейді. Сонымен…
Татарлар наурыз мерекесін ерекше атап өтеді. Бұл күнi татарлар мерекеге арнап жаңа киім сатып алады. Үй iшiн тазалап, жапқыштарды жаңартып, мiндеттi түрде ақ дастарқан жаяды. Ұлттық тағамдар – шәк-шәк, губадия, кабартма, ляваш, бәлiш қойылады. Мереке күнi бiр-бiрiне қонаққа барып, ескi жылдан қалған өкпе-назы болса, кешiрiм сұрап, көңiлдерiн жiбiтедi. Татарлар наурыз көжеге ұқсас «Қарға ботқасын» әзірлейді.
Әзірбайжандар мерекені наурыз айы кіргеннен бастап тойлайды. Әр аптаның екiншi күнi табиғат құбылыстары су, жел, от, жерге арнап алау жағылады. Соңғы төртiншi алау жер, топыраққа арналады. Яғни бұл «ақырғы сейсенбi» деп аталады. Ал наурыздың жиырма бірі күні барлық әзірбайжандар жаңа күнді өз отбасында қарсы алады. Жиырма екісінде қонақ күтіп, бірін-бірі құттықтайды. Бұл күндері тек қана жақсы сөздер айтылуы тиiс. Наурыз күнi ескi өкпелер ұмытылып, араздасқан туыстар бiрiн-бiрi кешiрiп, дастарқан басына жиналады. Наурыз айы басталған кезде әзірбайжандар бидайдың тұқымын егеді екен. Дәннен өнiп, өскен бидайдың өркенiне қарап келген жылдың қаншалықты берекелi болатынын болжайды. Оны қызыл лентамен көмкерiп байлап, дастарқан үстiне қояды.
Наурыз мерекесінде өзбек халқы сумалак әзірлейді. Бұл астың наурыз көжеден айырмашылығы — бидайды екі күн қайнатып, тайқазанға асады. Сумалак ұзақ пісіріледі, кейде 24 сағатқа дейін созылады екен. Асты пісіріп жүргенде көңілді ән айтып, би билеп, әзілдесіп жүру керек. Барлығы өз арман-тілектерін айтып, келер жылдан жақсылық күтіп, астан ауыз тиеді. Халықтың сенімі бойынша, сәбилі бола алмай жүрген келіншектер Алладан перзент сұрап, сумалактан ауыз тисе, тілегі орындалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі