Толстой тек өмірінің соңында ғана емес, одан ертеректе де ислам дінін айрықша құрметтеп, оған қызығушылықпен қарады. Мысалы 1894 жылы жазған, азапты ізденістерден туындаған бір хатында жазушы былайша тебіренеді:
«Егер сіз менімен бірге бір дінде болсаңыз, мен аса қуанышта болар едім. Сонда сіз менің өмірімді аздап ұғынар едіңіз. Байлық, даңқ, құрмет секілді жетістіктер қазір менде жоқ. Достарым, тіпті туыстарым да менен теріс айналды. Либералдар мен эстеттер мені есуас санайды немесе Гоголь тәрізді ақылы тайыз деп біледі, революционерлер мен радикалдар қиялшыл мылжың көреді, үкімет адамдары зиянкес революционер деп ұғады, ал православиеліктер тажал санайды. Мұның бәрінің мен үшін аса ауыр екенін мойындаймын. Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана санауыңызды өтінемін».
«Лев Толстой өмірінің ақырғы жылдарында ислам дінін қабылдаған ба?». Бүгінде зерттеушілер арасында осы тақырып төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Мұны жақтаушылар жазушының өмірінің соңғы жылдарында жазған «Мені Мұхаммедтің жолын ұстанушы деп санауларыңызды өтінемін» («прошу считать меня магометанином») деген сөзін алға тартады. Толстой қартайған шағында өз дінінен безінді дегенге оның отандастары сенгісі келмейді. Ал, шындығында қалай?
1909 жылы Толстой орыс православиялық шіркеуі туралы пікірін былайша білдірді: «Өмірдің мәнін өзінше түсіндіруде шіркеу ойына келгенін істеп бақты. Өмір заңы Иисус қағидаларына қайшы келді, ал шіркеу жалған түсініктер ойлап шығарды, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керісінше үйлесімді өмір сүріп келеді-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуімен аяқталды, ал шіркеу мұндай өмірді ақтағаны былай тұрсын, Иисус ілімінің мәні осында деп тұжырымдады».
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі