Келін — туыстық атау. Некедегі әйел өз күйеуінің жасы үлкен туыстарына, немере ағайын, аталастарына келін болып келеді. Алғашқы жылы басына сәнді жамылғы — желек салып жүрген жас келін тұңғыш баласы туғаннан кейін төркіндеп қайтады. Бірнеше жыл өткен соң, мәртебесі бекемделіп, келіншек аталады. Ол қонақ күту, дәстүрлі жоралғыларды атқару, шаруа жасау, бала тәрбиесіндегі ептілігі, жөн білгіштігі, көргенділігі мен икемділігі арқасында ауылдастар мен күйеуінің туыстарынан лайықты бағасын алады. Келіннен бірқатар тыйымдар мен қарым-қатынастағы этикет талап етіледі. Мысалы, келін күйеуінің ата, апаларының, жасы үлкен туыстарының (әйел, еркек) және абысын-ажындарының, қайындары мен қайынсіңлілерінің атын атамайды. Мұндай ат тергеу келіннің инабаттылығына, тапқырлығына сын. Келін олардың туыстық жақындығы, мінез-құлық әрекеттеріне қарай ұнамды түрде тұспалдау, баламалау, астарлау түрінде аттар таңдайды. Келін деп өзімен бірге туған кісінің әйелі ғана емес, аталас, рулас ағайындылардың ішіндегі өзінен кіші адамның жұбайын да атайды. Сонымен қатар келін сөзі сыпайыгершілік мағынада да қолданылады.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі