Ең алғашқы көшелік бағдаршам 1868 жылы Лондонда пайда болған. Оны ойлап тапқан ағылшындық инженер Найт болатын. Көшелік бағдаршамның алғашқы нұсқалары темір жол қатынасында тұрақты түрде пайдаланылған.
Ұлыбритания парламентінің алдында орналасқан алғашқы бағдаршам механикалық болған: түсті сигналдар тартқыш қайыс арқылы басқарылған. Ол үшін бағдаршамның қасында күні-түні милиция қызметкері қарауылдап, іске қосып тұрған.
Бағдаршамдар іске қосылуы үшін Лондон газеттерінде арнайы ережелер жазылды. Онда қызыл түс пен жасылтүстер нені білдірілетіні туралы көрсетілген. Көп ұзамай бағдаршамдар іске қосылды. Түнде де көрініп тұруы үшін газ фонарлары қолданылды, алайда газ жарылып бір адамды қатты жарақаттады. Сөйтіп жарты ғасырға жуық бағдаршамдар ұмыт болды.
Ең алғашқы автоматты реттеуіш орнатылған бағдаршам АҚШ-тың Кливленде штатында 1914 жылы дүниеге келді. Кейінірек Чикаго мен Нью-Йорк қалаларынан орын алды. Сол кездегі бағдаршамдар лондондық сияқты екі түсті (қызыл мен жасыл) болса да, электрленгені үшін басып озатын еді. Ал сары түс 1918 жылы ғана пайда болды.
— Лондонда бағдаршамға арналған ең үлкен ескерткіш орнатылған.
— Мегаполис тұрғыны орташа есеппен өмірінің шамамен 6 айын бағдаршамның жасыл белгісін күтумен өткізеді.
— 2005 жылдан бері Рио-Де-Жанейрода түнгі уақытта бағдаршамның қызыл белгісіне назар аудармауға ресми түрде рұқсат етілген. Бұл жүргінші тоқтаған жағдайда оны тонап кету қатерінің артуымен байланысты.
— КХДР астанасы Пхеньянда тек 2010 жылы бағдаршамдар жаппай тарай бастаған. Оған дейін аталған құрылғыны жол қозғалысын реттеуші қыздар алмастырған.
— Берлинде 13 белгісі бар бағдаршам бар. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға оның белгілерін түсіну мүмкін емес. Сондықтан жанында отырған полицей бағдаршамның жол қозғалысына қатысушылардан не талап ететінін түсіндіріп отырады.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі