Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қалана бастады. 1906 ж Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.
1943 ж Ташкентте Орта Азиямен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан сайланды. Қазақстанда қазият құрылып Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қаласының имамы қызметін атқарды.
1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ.
1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж өткен ІІІ құрылтайда төрағасы Бас мүфтиі болып профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды.
2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз 2020 жылға дейін Бас мүфти қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап Қазақстанның бас мүфтиі қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі