14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында дәстүр бойынша туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беруді ұйымдастыру.
15 наурыз – Қайырымдылық. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен татулық тақырыбына арнауды ұсынамыз. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында игі істер марафоны ұйымдастырылып, көп балалы, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған т.б. жағдайларда көмек көрсеткен меценаттарға және ерен еңбегімен танылған тұлғаларға құрмет көрсетіп, марапаттауға арналған салтанатты шаралар ұйымдастыру.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша дәстүрлі іс-шаралар өткізу.
17 наурыз – Шаңырақ. Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады. Түрлі танымдық, шығармашылық, спорттық іс-шараларды өткізу.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімі мен фестивальдерін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады. Сондай-ақ, «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджін ұйымдастыру.
19 наурыз – Жаңару. Оқушылардың, ата-аналар мен пкедагогтердің қатысуымен көктемгі ағаш егу дәстүрін өткізу.
20 наурыз – Ұлттық спорт. Бұл күні барлық білім беру ұйымдарында ұлттық спорттан (асық ату, тоғыз құмалақ, бес тас т.б.) түрлі жарыстар ұйымдастыру. Жасөспірімдерге шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік беру.
21 наурыз – Ынтымақ. Бұл күннің символдық және біріктіруші мәні – өзіңіздің қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен бейне құттықтауыңыз болмақ.
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні мерекелік атмосфераны жасауға ықпал ететін бұқаралық іс-шара жәрмеңкелер өткізу.
23 наурыз – Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат , жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу ұсынылады.
Іс-шараны өткізу барысында балалардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын назарға алу қажет.
Атқарылған іс-шараларды жергілікті телеарналарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ білім басқармасының ресми сайттарына және ресми әлеуметтік парақшаларға жариялау қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі