Наурыз айының 22-сі – Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл. Ол бәрімізге белгілі. Бұл күні шығыста күн жылып, жер жібіп, күн мен түн теңеліп, шуақты мезгілдер басталады. Табиғаттың бұл құбылысы, қасиетті Наурыздың – Жаңа Жылдың келгенін паш етті деген сөз.
Қазіргі санап жүрген күнтізбелік Жаңа Жыл 1 қаңтар, жыл санау үшін қалыптасып, әбден қанымызға сіңіп қалған күн болса да, Жаңа күн – Жыл басы бола алмайды. Себебі, қаңтар айы қақаған қыс. Жер түгел аппақ қарға оранып, мұз құрсауында болып, аязды боран үдейтін кез. Өсімдік атаулының тіршіліктен еш белгісі болмай, қатып-семіп жатса, жәндіктер мен кейбір жануарлар да ұйқыда болады. Осындай меңіреу тіршілік әкелген қаңтар қалай Жыл басы болмақ?
Енді сол күнтізбелік Жаңа жыл мен Жыл басы — Наурызды қарсы алуда ерекшеліктер қандай?
1 қаңтар – күнтізбелік Жаңа жылды қарсы алу үшін, жасыл шыршаларды отап, оны ортаға орнатып, құлпырта әсемдеп, нешеме ойыншықтар іліп сәндеп, мұрыны қызрған Аяз атаны қолпаштап, құрметтеп шәт-шәлекей боламыз.
Наурызды керісінше, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақсатпен, мүмкіндігі келгенше жас көшеттер отырғызуға жұрт болып жұмылады. Наурыздың алдында ескі - құсқы өртеліп, барлық тазалық шаралары жүзеге асырылады. Бүкіл аула жөнделіп, сырланады. Наурыздың 22-сіне қараған Қызыр түнін отбасымен күтіп, өмірге қажетті бар жақсылықты дарыта беруін тілеп, қарсы алады.
Ал күнтізбелік Жаңа жылды мерекелеу барысында бейберекет пиротехникалық отшашу атылып, кейбіреулер жарақаттанып та қалатын жайлар көп кездесіп жатады. Жұрт мейрамханалар мен дәмханаларға жиналып, аққайнарлар ашып, арақ-шарап ішіп, көл - көсір тағамдар жеумен шектелсе, Наурыз мерекесінде туған-туыс, ағайын мен дос-жарандар, көрші - қолаңдар бір - біріне қонаққа келіп, мәзірі ұлттық тағамдарға толған дастарханнан наурыз көжеден тоя ішіп, мәре - сәре болысады. Ұйымдасып үй тігіп, қазан асып, түрлі ұлттық ойындар өткізеді.
1 қаңтардағы Жаңа жылда ішімдікке бой алдырғандар ескі өкпелерін еске алып, мыжып, отырыстарының шырқын бұзып, мас болғандар төбелесіп, қылмыстың неше түріне жол беріліп, мастықтан үсіп мүгедек болып, тіпті өліп қалып жататыны да құпия емес. Ертеңіне көшкен жұрттай көше лас, көптеген қалдықтар мен босаған шөлмектерге толып жатады.
Наурызда тіпті де олай емес. Ол күні дүрдараз болған адамдар бір - бірімен төс қағыстырып құшақтасып, шын ниеттерімен татуласып, кешірім сұрап, арқа - жарқа араласып, туыстар мен көршілер қуанышпен қауышып, үлкендер жастарға батасын беріп, ақ ниет тілейді. Өмірден озғандарға Құран бағыштайды, науқастың көңілін сұрайды. Жетім - жесірлерге көмек беріп, сауапты істермен айналысады. Мұндайда, әр адам рухани күш алып, шабыттанып, сергіп, ғұмыры ұзарары ақиқат.
Осы айтылғандарды қорытындылай келе, көпшілік болып тойлайтын, нағыз халықтық төл мереке – Наурызды ұлтты ұйымдастыратын ұлыстың ұлы күніне айналдыруға, әркім де үлестерін қосулары тиіс. Ол үшін тұжырымдап айтар болсақ, әр қазақстандық Наурыз мейрамының мына төмендегі қасиеттері мен сипаттарын біліп жүргені жөн:
Ең алдымен, 22 наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік жанданатынын, жан - жануарлар төлдеп, жаңғыру болатынын білуіміз керек.
Екіншіден, бұл күннің көптен араздасып бір - біріне дүрдараз болып жүргендер, құшақ жая амандасып, өкпе - реніштерін ұмытып, сый - құрметпен шынайы ынтымақтасып, достасып, тату боларлық әрекеттерге барарлық ерекше күнге айналатынына әркім де үлес қосулары тиіс.
Үшіншіден, бұл күнді барша жұрт тең болып, елде жұмс тоқтатылатын, көпшілік тынығатын, теңдік, еркіндік, азаттық мерекесі ретінде тани білгені дұрыс.
Төртіншіден, барлық жерде де, тазалыққа көңіл аударып, тазалық мерекесіне айналдырғанымыз жөн.
Келесі орындалар шараларға: ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу, арық - атыздар мен арналарды тазалау, жалпы табиғатқа қамқорлық жасау, жол, көпір салу сияқты жұмыстарды жатқызуымыз керек.
Сонан соң ұлттық салт - дәстүр ұмытылып кетпес үшін, оларды жаңғырта отырып, елдік жайында бәтуаласып, өткенге құрмет ете ата - баба рухына тағзым жасауды ұмытпай, ұжым, қауым, көше, ауыл болып тойлауды жүйелі түрде жүргізіп отыруға ат салысу әрбір жанның парызы болғаны жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі