Радиаторлар мен жылытқыштар үйдегі ауаны қатты құрғатып жібереді және оттекті жағып тауысады. Ал бөлмедегі өте құрғақ ауа иммунитетті әлсіретеді, себебі оттек жетіспеушілігінен барлық жасуша қиналып, "шөлдей" бастайды.
Егер гипоксияның (оттек азаюы) алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден шара қолдану керек. Себебі иммунитетіңіз әлсірегендіктен тұмау инфекцияларын жұқтырып аласыз. Гипоксияның белгілеріне жиі бас ауыру, әлсіздік, шаршай беру және ұйқының бұзылуы жатады.
Шырышты қабықта иммунды қорғаушы жасушалар көп. Олар ағзаға қауіпті жұқпалардың кіріп кетуіне қарсы тұрады. Ал шырышты қабық құрғап кетсе, бактериялар мен вирустар мұрын қуысында өлмей, ағзаға оңай өтіп кетеді.
Сондай-ақ құрғақ ауада шаң, жүн және басқа да аллергендер көп жиналады. Сондықтан аллергиялық жөтел басталады. Құрғақ ауа кесірінен көздің шырышты қабығы да қиналады, сондықтан конъюнктивит сияқты көз аурулары орын алады. Оттек жетіспегендіктен басыңыз ауыра береді, жұмысқа қабілеттілігіңіз түсіп кетеді, ұйқыңыз мазасыз болып, ағза жеткілікті түрде демала алмайды.
— Үйге таза ауаның кіруін қадағалап, үйдің ішін күніне 6 ретке дейін желдетіңіз. Әсіресе, ұйықтар алдында терезелерді ұзақтау ашып, дұрыстап желдетіңіз. Сол кезде ұйқыңыз қалпына келеді.
— Бөлмені жинаңыз. Артық заттың бәрін шкафтарға салып тастаңыз. Себебі шашылып жатқан киімдер мен басқа да заттар — нағыз шаңсорғыштар.
— Бөлмені тазартыңыз. Жиі ылғал шүберекпен шаңдарды сүртіп, күнде еденді жуып тұрыңыз.
— Бөлме гүлін алыңыз. Себебі бөлме гүлдері оттек жетіспеушілігінен құтқарады. Бірақ гүлдер де оттек аздығынан қиналады. Сондықтан гүлдерді уақытылы суарыңыз.
— Бөлмеге су шашыңыз. Бір уақыт бөліп, бөлмедегі ауаға, гүлдерге және ауыр жапқыштарға су шашып шығыңыз. Ауаның балғын бола түскені бірден сезіледі.
— Бөлменің ауасы қатты құрғақ болса, сүлгі немесе жайманы сулап, батареяға іліп қоюға болады. Оны уақытылы сулап тұру керек.
— Адам ағзасы ылғал жетіспеуі туралы белгіні кеш береді. Қатты шөлдегеніңізді күтпей, аз-аздан қайта-қайта таза су іше беріңіз.
— Үлкен аквариум бөлмедегі ылғалдылықты 15%-ға арттырады. Аквариумнің орнына бөлмеге қоятын шағын декоративті фонтан алуға болады.
— Бөмеге суы бар ыдыс қоюға болады.
Адам өзін 55-70% ылғалдылықта жайлы сезінеді. Бөлмедегі ауа ылғалдылығын гигрометрмен өлшеуге немесе қарағай бүршігін қоюға болады. Егер ауа құрғақ болса, оның қабыршақтары ашылады. Егер ауа ылғал болса, қабыршақтар жабылады.
Үйдегі ауаның ылғалдылығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға ауа ылғалдандырғыштар көмектеседі. Оның механикалық, булы және ультрадыбыстық түрлері болады.
Механикалық ауа ылғалдандырғыш ауаны картридж арқылы айдайды. Ол ауаны шаңнан тазартады және ылғалдандырады. Оның кемшілігі — ол шулы құрылғы.
Булы ауа ылғалдандырғыш шәйнек сияқты жұмыс істейді. Оның ішіндегі су қайнап, бу арқылы шығады. Ауа жылдам ылғалданады. Оның кемшілігі — оған күйіп қалу қаупі бар. Егер үйде кішкентай балалар болса, оның басқа түрін алған жөн.
Ультрадыбыстық ауа ылғалдандырғыштар су суық буға айналатын арнайы мембранамен жабдықталған. Оның артықшылықтары — салыстырмалы түрде бағасы арзан, ылғалдылық деңгейін таңдауға болады және қатты шуламайды. Ал кемшілігі — мұндай ылғалдандырғыш себебінен жиһазда ақшыл қатпар (налет) түзілуі мүмкін. Оған тазартылған (дистилденген) су қолдану керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі