Башқұрт ертегісі
Баяғыда əжесі мен оның немере қызы болыпты. Əжесінің қартайғаны сонша, ештеңе істей де алмапты. Ал немере қызы тіпті жалқау екен. Кемпір жылдан жылға қартайып, қажи беріпті. Көктемнен аман-есен шыққан соң ол: «Тамақ керек, жұрттың бəрі, əне, егін егіп жатыр, біздің де бірдеңе сепкеніміз жөн», — деп ойлайды. Ол осы ойын немересіне айтады.
— Қажеті жоқ, əже, сен мүлдем қартайдың, күзде мүмкін о дүниелік боларсың, одан соң мені өз отбасына алатын бір мейірімді адамдар табылар. Бізге нанның не керегі бар? — дейді немересі.
Осылайша олар ештеңе де екпейді. Күз келіп, жұрт алқаптағы егінін жинап алады. Кемпір өлмейді, немере қызды да бағып-қағуға алатын ешкім болмайды. Олар ашыға бастайды. Бірде көршісі келіп қалады да, əжесі мен немере қыздың жейтін ештеңесі жоқ екенін көріп:
— Келіп ең құрығанда кішкене болса да, тары алып кеткендеріңде ғой! — дейді.
Көрші кетіп қалған соң əжесі немересіне:
— Барып тары алып келсеңші! — дейді.
Ал немересі оған:
— Алудың қажеті бар ма? Мүмкін оның тарысы жақсы емес шығар... — деп жауап қатады.
Қыс бойы кемпір мен немересі қатты ашығып, аштан өліп қала жаздайды. Көктем шығысымен немере қыз егістікке жұмысқа шығады.
— Жұмыс істеп қайтесің? — деп күледі көршілері.
— Əжең сенің қартайды, төрінен көрі жуық. Ал сені тəрбиелейтін біреу табылар. Нан сендерге неге керек?
— Жоқ, болмайды, мен енді түсіндім. «Қыстың қамын жаз ойла»,— деп қариялар бекер айтпаған екен, — дейді немересі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі