Дәрумендер

Басты бет / Денсаулық / Дәрумендер

Дәрумендер — Денсаулық бөліміндегі материал.

Материал — Дәрумендер, D дәрумені, дәрумен, Суда еритін дәрумендер — осы тақырыптарға байланысты.

Қазіргі таңда, дәрумендердің 20-ға жуық түрі белгілі. Олар екіге бөлінеді:

Суда еритін

C, B1, B2, B3, B5, B6, B7, B9, B12. Бұл дәрумендер ағзада жиналмай, бірнеше күннен кейін шығарылады, сондықтан оларды күнделікті пайдалану керек. Басты көздері — жемістер, жидектер, көкөністер.

Майда еритіндер

A. D, E, K. Олар бауырда және майлы тінде жиналып, денеде ұзақ уақыт сақталып тұрады. Майда еритін дәрумендердің көздері — балық майы, кілегей, бекіре балық уылдырығы және кейбір көкөністер.

А дәрумені антиоксидант болып табылады, ол адамның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді, иммундық жүйені нығайтады, терінің, көру мүшелерінің және ұрпақ жаңғырту жүйесінің дұрыс қызмет етуіне жауапты.

В тобындағы витаминдер — жүйке жүйесін реттеуге, бірқатар ферменттер мен гормондардың синтезіне, қанның түзілуіне, майлар мен көмірсулардың энергия алмасуына қатысады.

D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттеп, сүйектер мен тістердің беріктігіне жауап береді. Оның жетіспеушілігі остеопорозға, сүйектердің сынғыштығына және тісжегінің пайда болуына әкеледі. Ол ультракүлгін сәулелердің әсерінсіз денеде өндірілмейді, сол себепті күннің астында жиі серуендеуге кеңес беріледі. Адам ағзасындағы витамин жетіспеушілігін — гиповитаминоз, ал толық болмауын — авитаминоз деп атайды. Дәрумен жетіспеушілігінің жалпы белгілері: тәбеттің жоғалуы; тез шаршағыштық; эмоционалдық тұрақсыздық, жаман көңіл-күй, депрессия; ұйқының бұзылуы; терінің түлеуі, қызаруы және құрғауы.

Оқуға кеңес береміз:

Қыс мезгілінде адамға қажетті дәрумендер

Бұлшық ет өсіретін дәрумендер

D дәруменінің тапшылығы: білу керек белгілер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрумендер деген не?

Бұл бетте Дәрумендер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Дәрумендер материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар Дәрумендер тақырыбындағы материалдар D дәрумені тақырыбындағы материалдар дәрумен тақырыбындағы материалдар Суда еритін дәрумендер тақырыбындағы материалдар Майда еритін дәрумендер тақырыбындағы материалдар А дәрумені тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар