Қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы түрлі вирустарды жұқтырып ауруға душар қылады. Иә, расымен, қыс пен күзде адам ағзасы көптеген дәрумендерді қажет етеді. Алайда арнайы маманның тағайындауынсыз кез келгенін қабылдай беруге болмайды. Алдымен сараптама арқылы ағзадағы деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар бізге дәрумендердің көп мөлшері бар тағамдар тізімін біліп жүрген артық етпейді.
Иммунитетіміздегі негізгі дәрумендердің бірі. Ол теріні нәрлендіріп, сүйектер мен тістерді сау қалпында ұстайды, жараларды емдейді. Қызанақ, қырыққабат, көкшөп түрлері мен болгар бұрышында С дәрумені жеткілікті мөлшерде бар.
Оқуға кеңес береміз:
Цинга: С дәруменінің тапшылығы
Бұл дәрумен қыс мезгілінде теріні және шашты ылғалдандыруға керек. Қыста бас терісі құрғап, шаш түскіш болады. Осы орайда Е дәрумені ылғал тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Жержаңғақ, брокколи, күнбағыс дәндері және кешью жаңғағы Е дәруменіне өте бай.
Темір иммунитетті көтеру үшін өте маңызды, сондай-ақ, ол бізге сергек жүруге көмектеседі. Ал нақтырақ айтсақ, темір бүкіл ағзаны азықтандырып, бүкіл денеге оттегін жеткізеді. Темірді өз деңгейінде ұстап тұру үшін ет, үрмебұршақ, қошқыл жапырақты көкөністер, құс етін және теңіз өнімдерін жеу керек.
Дәруменнің бұл түрі антиоксидант рөлін атқарады, тіндерді қалпына келтіреді, гормондарды теңестіреді, сау иммунитетті қалыптастырып, ас қорытуды жақсартады. Мырыш шпинатта, сиыр етінде, үрмебұршақта, теңіз өнімдерінде, асқабақ тұқымдастарында және жаңғақтарда көп болады.
Бұл дәруменді алу үшін жарты сағат күн астында өткізсе жетеді. Ал күз бен қыста бәріміз іс жүзінде «күн» дәруменін қажет етеміз. Сонымен бірге ол бізге маңызды минералды заттарды сіңіруге, метоболизмді реттеуге көмектесіп, жасушалардың дұрыс дамуына ықпал етеді және иммундық жүйені реттейді. Қыс мезгілінде оны керек мөлшерде алу үшін май, сүт, жұмыртқа, саңырауқұлақ, бауыр майы мен майлы балық жеген жөн.
Оқуға кеңес береміз:
D дәруменінің тапшылығы: білу керек белгілер
Бұл көбіне жүкті әйелдерге тағайындалады, өйткені оның жетіспеушілігі ұрық дамуының тежелуіне әкелуі мүмкін. Алайда жүкті әйелден бөлек, кез келген адам үшін бұл элемент өте қажет. Фолий қышқылы көңіл-күйді реттеуге көмектеседі, әсіресе қыстағы көңілсіздік кезінде маңызды. Сонымен қатар, ол жүрек ауруы, қант диабеті және онкологиялық аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі.Фолий бұршақ, үрмебұршақ, жасымық, авокадо, жаңғақтар мен брокколиде көп.
Бұл маңызды дәрумен де антиоксидант қызметін атқарып, сүйектерді, тістерді және жұмсақ тіндерді сау қалпында сақтайды. Оған қоса дененің табиғи қорғанысын қолдау арқылы сау иммундық жүйені қалыптастырады. А дәруменін шпинаттан, сәбізден, өріктен және тәтті картоптан алуымызға болады.
Егер дәрумендер бір-бірімен дұрыс үйлеспейтін болса, онда олар едәуір нашар сіңеді. Оларды таңертең немесе күндізгі уақытта сумен ішкен дұрыс. Алайда қантты газдалған, энергетикалық сусындармен, шаймен, әсіресе кофемен ішуге болмайды. Сондай-ақ тамақтанған соң жарты сағаттан кейін қабылдау өте тиімді.
Түрлі деңгейдегі депрессияға, мазасыздыққа ұшыраған және көңіл-күйі бірқалыпты емес адамдар алдымен дәрігермен кеңесіп, қандай дәрумендердің жетіспейтінін анықтайтын анализ тапсыру керек. Ал басқа жағдайларда әрдайым оларды қабылдап жүру иммунитетті нығайтып, денсаулықты сақтайды.
Оқуға кеңес береміз:
Қыс мезгіліндегі ең пайдалы жемістер
Ағзаңызға дәрумен жетіспейтінін бет-әлпетіңізден біле аласыз
Вирустармен қалай күресу керектігі жөнінде дәрігер Комаровскийден нұсқаулық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі