Бір күні Йемен уәлилерінен болған хазреті Әбу Бәкір бин Абдуррахман Саккафтың тұсында бірнеше жастар шайтанның соңынан еріп, көңіл көтеріп ішімдік ішеді. Көзге түспес үшін таса жерді таңдайды. Олар дұрыс іс жасамағандарын білетін. Олардың бұл әрекеттерін Әбу Бәкір бин Абдуррахман Саккаф алыстан көрді де, не ішіп жатқандарын түсінді. Жақындап келді де;
— Әй, жігіттер, не ішіп не жеп жатсыңдар? деп сұрады.
— Үйімізден жейтін заттар әкеліп едік, соны жеп отырмыз, деді.
— Анау құтыда не бар?
— Бал шербеті бар мырзам.
— Мен де ішсем бола ма?
Балалар ыңғайсыз жағдайға қалып бір-біріне қарады. Біреуі қатты қалтырап сөйледі:
— Ә-ә-әрине мырзам, бірақ, сізге ұнамауы мүмкін.
— Мейлі, мен барлық шербетті жақсы көрем.
Шербетті алып ішіп, жігіттерге қарап; «Иә, шынымен өте дәмді екен», деді де олардың да ыдыстарына құйып берді.
Жігіттер әлгі кісінің қолынан алып, ішкен кезде аң-таң болды! Өйткені ол таза бал шербетіне айналған еді. Мұны көрген олардың бәрі де қатты толқып бірден тәубеге келді. Кейін, шәкірттері атанды.
Түйін. Қаталдық адамдардың қорқынышымен үрейін тудырады, ал жұмсақтық жылылықты, мейірімді және сүйіспеншілікті тудырады. Қорқыту арқылы қол жеткізілген сәттіліктер құлдырауға, ал сүйіспеншілікпен, мейіріммен қол жеткізілген табыстар көбеюге, үлкеюге бейім болады. Сондықтан пайғамбарымыз «Аллаһу та’ала мейірімді. Жұмсақтықты жақсы көреді. Қаталдық еткендерге бермеген нәрселерін жұмсақ мінезді болғандарға береді. Басқаларға бермейді» деп бұйырған.
Хазреті Әнәс бин Малик: «Расулуллаһ алейһиссаламға он жыл қызмет еттім. Бұл мерзім ішінде маған ашуланғанын, қатты сөйлегенін көрмедім» деген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі