Қабылдау комиссиясы 1 маусымнан өз жұмысын бастады. Ол ҚазҰУ қалашығындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан. Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
ҚазҰУ қабылдау комиссиясының ерекшеліктері: қабылдау комиссиясы жоғары білім – бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі – магистратура, докторантура білім беру деңгейлері бойынша кеңес беру және құжаттар қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
Соның ішінде журналистика факультетіне қабылдау ережелері келесідей:
Магистратураға қабылдау 1 маусым – 8 шілде аралығы;
Докторантураға қабылдау 23 шілде – 3 тамыз аралығы;
Шығармашылық емтиханға құжат қабылдау 20 маусым – 7 шілде аралығы;
Шығармашылық емтихан тапсыру 16 шілде – 25 шілде аралығында универ базасында өткізіледі;
Биылғы 2024 жылдың ерекшеліктері: негізгі шығармашылық емтиханды тапсырып үлгермеген талапкерлер ақылы бөлімге түсу үшін шығармашылық емтиханды тамыз айында тапсыра алады.
Бакалавриатқа осы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге болады:
- 6B03201 Журналистика
- 6B02101 Баспа ісі
- 6B03203 Қоғаммен байланыс
- 6B03202 Халықаралық журналистика
- 6B02102 Дизайн
- 6B02103 Медиадизайн
- 6B03206 Медиакоммуникациялар
- 6B02104 Кино&Медиа
- 6B02105 Цифрлық медиадағы драматургия
Магистратура деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары:
- 7M03202 Журналистика
- 7M03204 Қоғаммен байланыс
- 7M03203 Халықаралық журналистика
- 7M02102 Дизайн
- 7M03201 Data – журналистика
- 7M03220 Журналистика(1 жыл)
- 7M03214 Бизнес – коммуникация
- 7M02104 Медиадизайн
- 7M03215 Медиакоммуникациялар
- 7M02103 Баспа менеджменті және типографика
- 7M02105 Креативті индустриялар
- 7M03218 Цифрлы медиакоммуникациялар (СПбМУ)
- 7M03217 Этножурналистика
Докторантура деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары:
- 8D03201 Журналистика
- 8D03203 Халықаралық журналистика
- 8D03202 Медиа және коммуникациялар
Толық мәліметтермен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://farabi.university/news/88993?lang=kz39

- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі