Баршамызға мәлім Нұх алейһиссаламның қауымы жер бетіндегі алғашқы апатқа ұшыраған қауым еді. Оның қауымы Аллаһқа серік қосып, өз араларынан шыққан танымал кісілер өлген соң оларға құрмет ретінде ұмытпау үшін уақыт өте мүсіндерін жасап, оларға тағзым етіп, соңында құдайға айналдырып, табынуға көшеді. Аллаһты қойып, өз қолдарымен құдай жасап, Хақ та’алаға серік қосып, шектен шығады. Аллаһу та’ала азғындаған қауымды тура жолға салу үшін Нұх алейһиссаламды пайғамбар етіп жіберді. Ол өз қауымын Аллаһқа иман етуге, азғындықтарын тоқтатуға шақырды. Бірақ қауымы оны қабылдамай, керсінше оны мазаққа айналдырып, азғындықтарын жалғастырды. Олар иман ету былай тұрсын Нұх алейһиссаламды жынды деп жала жабумен қатар, қысым көрсетуге дейін барады.
Аллаһтан жәрдем сұраған Нұхпайғамбарға Аллаһу та’ала кеме салуды бұйрады. Кеме салған Нұх алейһиссаламды көрген қауымы одан бетер мазақ етуге көшеді. Ақырында кеме құрылысы бітіп, Аллаһтан әмір келеді де, жан-жануар, хайуанаттардан бір жұптан кемеге мінгізеді. Нұх пайғамбарға иман еткендер де кемеге мінеді. Нәтижесінде Аллаһтың уәде еткен азабы басталып, жерден су атқылап, көктен жаңбыр себелеп, жер бетін топан су алады. Аллаһқа қарсы келген азғын қауым осылайша опат болады. Аталмыш топан су б.э. бұрын 4000 жыл бұрын болған деген болжам бар. Нұх және иман еткен пенделер аман қалып, адамзат жер бетінде қайта тіршілігін жалғастырады.
Нұх қауымы өз араларынан шыққан танымал тұлғаларды құдайға теңеп, мүсінін табынатын пұт етіп, арсыздық пен имансыздықтың шегіне жеткені үшін әлемдердің Раббысы топан сумен жазалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі