Қажетті салмақты тастау үшін сан түрлі диеталарға отырып, организмді қинаудың керегі жоқ. Бүгінгі күні оның оңтайлы жолы табылған. Дұрыс тамақтану денсаулыққа зиян келтірмей, артық салмағыңыздан әбден айырылуға мүмкіндік береді.
Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді. Олардың көбісі әйелдер қауымы болса керек. Семіздіктің басты себептердің бірі — шектен тыс тамақтану. Осыған орай артық салмақ тастау мақсатында ашығып жататын адамдар аз емес.
Естеріңізде болсын, тамақ қорытуға ең оңтайлы уақыт: 11.00-ден 14.00-ге дейін және 16.00-ден 20.00-ге дейін.
Таңғы асты қабылдамай тұрып, жарты сағат бұрын бір стақан су ішуді әдетке айналдырған жөн. Оған бір тілім лимон салып жіберуге де болады. Жалпы күнделікті шай, кофе және басқа шырындардан бөлек бір литрден кем емес су ішу ағзаға пайдалы. Ол асқорытуды жақсартып, аштық сезімін бәсеңдетеді.
Егер әлсіреп, ауырып қалсаңыз, аузыңызға тамақ тықпаламаңыз. Бұл орайда ағза аурумен күресті бастап кетеді. Егер сіз сол кезде тамақ жей бастасаңыз, ағзаңыз бар күшін ас қорытуға жұмсап, аурумен күресуді тоқтатып тастайды.
Кез-келген спортшы жаттығулар алдында 2 сағат бұрын тамақтану керектігін біледі. Тіпті екі сағаттан көп болса да жақсы. Себебі жаттығу алдында тамақ жесеңіз, ағзаңыз бар күшін асқорытуға жұмсайды. Бұл жағдайда физикалық жаттығулардан келіп-кетер пайда жоқ. Бұл ереже ой еңбегіне де қатысты. Ми жұмысы энергияның 70 пайызын жұмсайтынын білесіз бе? Иә, дәл солай. Сондықтан ой еңбегімен шұғылданар алдында, одан кейін және сол үдеріс барысында тамақтан аулақ болған дұрыс.
Дастархан басына бір отырғанда қанша тамақ жеуге болады? Йогтардың айтуына сенсек, екі алақанға сиятындай ғана. Бір қулыққа баруға болады, үйдегі үлкен тәрелкені кішкентайға алмастырыңыз. Оптикалық тұрғыда тамақ көп болып көрінгенімен, шындығында ағзаңызға жеткілікті мөлшерде болмақ. Тамақтанып болған соң, бірден жата қалмаңыз. Бұл ережені түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар. Керісінше, ішкеніміз бойымызға тарасын деп, таза ауаға шығып, баяу серуендеп қайтқан әлдеқайда пайдалы.
— Көп адамдар, арықтау үшін күін бойы тамақ жемей, аш жүреді бұл — барып тұрған ақымақтық. Уақытыңда тамақтанбау — асқазанның жұмысын бұзады.
— Дұрыс тамақтануға және спортпен шұғылдануға дағдылан. Ешбір жаттығу жасамай, ашығудың нәтижесі шамалы болмақ.
— Ашуғу кезінде екінші және үшінші аптада өзің мақсат еткендей нәтижеге қол жеткізе алмасаң, салыңды суға салма! Себебі бірінші аптада ағза жинақталған суды жұмсайды. Одан кейінгі уақытта денедегі майлар кете бастайды. Ал май табиғатынан жеңіл. Таразы көрсеткішіне көңілің толмаса да, көлемнің кішірейгенін байқау оңай.
— Қол жеткізген көрсеткішті сақтаңыз, одан артық салмақ қосудан абай болу керек.
— Аздап, жиі тамақтанған дұрыс. Күнделікті ас мәзірін қадағалауды әдетке айналдырыңыз.
— Қонаққа бара қалған жағдайда, диеталық аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.
— Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.
— Қант пен ұннан жасалған тамақ көлемін азайтыңыз.
Оқуға кеңес береміз:
Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі