Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің алдыңғы қатарлы, жетекші университеттерінің бірі. Іргетасы 1934 жылы құрылған, 90 жылға жуық тарихы бар университет аудиториясында есімі елге танымал Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов секілді ғалым-академиктердің лекция оқығанын мақтанышпен айта аламыз. 1991 жылы оқу орны адамзаттың екінші ұстазы атанған, Аристотельден кейінгі ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фараби есімін иеленіп, 2001 жылы еліміздің алғашқы «ұлттық» университеті мәртебесін алды. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Университеті Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан алғашқы болып Болонья қаласындағы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою арқылы еуропалық білім беру кеңістігіне кірді. 2006 жылы білім берудегі сапа саласындағы жетістіктері үшін ҚР Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің білім беру флагманы ретінде, жаңа буын университетінің «4.0 Университет» моделін жасап, халықаралық қауымдастыққа ұсынды. Университет жобасы «Microsoft» компаниясының тарапынан жоғары бағаланып, компания ҚазҰУ тәжірибесі туралы фильм түсіріп, өз сайттарына жариялады. Посткеңестік елдер аумағында тұңғыш рет Астана халықаралық қаржы орталығы мен Бенхалиф (Катар) университетімен бірлескен ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы жөніндегі бағдарламасы жүзеге асырылды. Еуропа мен Орта Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындары туралы ақпараттарды қамтитын британдық QS EECA 2022 агенттігінің нұсқасы бойынша үздік жоғары оқу орындарының ТОП-100 тізіміне Республика бойынша 7 білім ордасы енген болатын. Көшбасшы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Өткен жылмен салыстырғанда университет 3 позицияға жоғарылап, рейтингте Стамбул техникалық университеті (Түркия), Вильнюс университеті (Литва) және басқа да шетелдіктерді басып озып, 16-орынға ие болды. Айта кетейік, QS EECA рейтингін жасау кезінде он негізгі көрсеткіш ескеріледі. Олардың ішінде университеттердің жұмыс берушілер арасындағы және академиялық беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушы мен қызметкерге шаққандағы жарияланымдар саны, жоғары оқу орындарының ғалымдарынан дәйексөз алу саны, шетелдік студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің үлесі және тағы басқалары бар.
ҚазҰУ – бакалавр, магистр немесе докторантура дәрежесін алуға болатын көпсалалы оқу орны. Университет аумағы 100 гектардан асады. Осындай үлкен аумақта: бас әкімшілік ғимарат, 14 оқу корпусы, әл-Фараби атындағы кітапхана, 14 студенттер үйі (жатақхана), 4 мұражай, технопарк, студенттерге қызмет көрсету орталығы, жастар интернет орталығы, студенттік пікірталас алаңы орналасқан. Университет қалашығына Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жас ғалымдар үйі (докторанттар, магистранттар және шетелдік профессорлар үшін), Д. Баландина атындағы жүзу бассейні, Smart Health UniverSity диагностикалық орталығы кіреді. Оқытушылар құрамы республикадағы және Орталық Азиядағы үздіктердің бірі болып табылады. Оның құрамында академиктер, Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік және жеке наградаларының лауреаттары, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, докторанттар бар. ҚазҰУ-да 180 мамандық бойынша білім беретін 16 факультет бар. Ең танымал факультеттер заң, филология, медицина, биотехнология, физика және технология, IT, экономика және т.б. ҚазҰУ-да әртүрлі елдерден 26 мыңға жуық студент білім алуда.
Бүгінгі таңда ЖОО мамандықтарының 70%-дан астамы ағылшын тілінде оқытылады. Осыған сәйкес еліміз бойынша ең көп шетелдік студенттер білім алуда. Әлемнің жетекші университеттерімен 70-тен астам «қос диплом» бағдарламасы жүзеге асуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-ректор Жансейіт Қансейітұлы онлайн режимде өткізген брифингте іске асып жатқан жобалардың жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгеден асатынын хабарлаған болатын. Бұған қоса ғылыми мақалалар бойынша көшбасшы оқу орнының рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланымы ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі екенін, әрі университеттің беделді Web of Science деректер қорының «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының үш аталымына ие болғанын зор мақтанышпен атап өтті. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Білім және Ғылым министрлігі жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қолға алған болатын. Осы орайда университетке халықаралық деңгейдегі ғалымдар, АҚШ және Еуропаның ЖОО сабақ беру тәжірибесі бар Уәлбай Өмірбаев пен Базбек Даулетов сынды профессорлардың келгенін атап өтсек болады. Білім мен ғылымды ұштастырып отырған білім ордасы алдағы уақытта да сапалы білім мен тәрбие беру бағытындағы маңызды жобаларын жүзеге асыра береміз деп сенеміз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті “Дінтану және Мәдениеттану” кафедрасы “Мәдениеттану” мамандығының
3 курс студенті Таймас Асылжанның Кудерина Айжан Нурхамитовнаның жетекшілігімен жазған мақаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі