Сатурн (Қоңырқай) — Күн жүйесіндегі Юпитерден кейінгі ең үлкен ғаламшар. Қоршап тұрған сақиналарымен атақты. Оны аспаннан қарапайым телескоптың көмегімен байқауға болады.
Қоңырқай — Күн жүйесінен ең алыс қашықтықта орналасқан планета (1,4 миллиард км). Оған Күнді толық айналып өту үшін — 29,5 жыл қажет.
Сатурнда болатын дауылдардың жылдамдығы — 1800 км/сағ дейін жетеді.
Ғалымдар сақиналардың шығу тегін анықтай алмауда. Ең таралған теория бойынша, ол Сатурнның жойылған серігінің қалдықтары.
Сатурн негізінен газдардан тұрады және оның қатты беті жоқ. Бұл планета сутегіден, гелийден, метаннан, аммиактан және ауыр металлдардан құралған.
Сатурн сақиналарын алғаш болып, 1610 жылы итальян ғалымы Галилео Галилей байқады.
Сақиналары мұздан тұрады. Олар өте жұқа, диаметрі шамамен 250 000 километрден асқанына қарамастан, олардың қалыңдығы 1 километрге де жетпейді.
Егер оны судың бетіне қойса, Сатурн батпайды, өйткені оның тығыздығы судан 2 есе төмен.
Бұл планетаның 53 серігі белгілі. Бірақ, олардың саны көп болуы мүмкін. Астрономдардың пікірінше, ғарыштағы барлық серіктердің 40%-ы, осы ғаламшарды айналып өтеді.
Ең үлкен серігі — Титан. Оның бетінде тұрақты түрде сұйықтық болатындығы дәлелденді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл біздің планетамызда 4 миллиард жыл бұрын болған жағдайға ұқсас.
Қоңырқай — өмір сүру үшін жарамсыз. Дегенмен, оның серігі Энцеладта, тірі ағзалардың болуы мүмкін деген болжам бар.
Массасы Жерден 95 есе ауыр.
Ғарыштық аппараттар Қоңырқайға 4 рет ғана барып қайтқан.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі