Өлең, жыр, ақындар

Шоқанның қазасын естірту

Қазақтың атақты ғалымы, белгілі ағартушы, әрі саяхатшы Шоқан уәлиханов қайтыс болғанда, Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты адамдары арқылы естіртеді...

Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әділбек батыр көп нөкер ертіп Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей сескеніп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінмен жадырай сөйлеп:

— Төре, дүниеде не қымбат? — дейді.

— Адам қымбат, — депті Шыңғыс.

— Адамға не қымбат?

— Бала қымбат, егер сүйеніш болар перзент туса...

— Жансызда не қымбат екен?

— Жансызда қымбат гауһар деуші еді...

— Теңіздің тұңғиық жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?

— Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой.

— Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса, қайсысы алар еді, — дегенде, Шыңғыс төре: «ең күштісі, күштісі алады» деп өз санын бір соғыпты да, «менің гауһарым Мұхаммед Қанапияға Тәңірдің оғы тиген екен ғой», — деп өкіре жылап, жер бауырлап жатып апты.
Келдібек би тоқтау айтып:

— Уа, Сұлтан, бала сіздікі еді, бақыты халықтікі еді. Пұлсыз берді, құнсыз алды, не шара! — деп кемсеңдеп, төңірегіне көз тастағанда, үйдегілердің бәрі еңірепті.

Оқуға кеңес береміз:

Қойсары батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз