Ақан өзі Науан қазіретке жақын ағайын болу керек. Бірақ Ақан оны жек көреді, сондықтан «Безгек» деп атайды екен.
Қазірет мың тоғыз жүз бесінші жылдар кезі Көкшетаудың уездной началнигі Коноваловпен мұсылман діні туралы айтысып отырып, начальникті боқтайды. Сол үшін начальник оны жер аударған екен.
Сол кезде Ақан сері Науан қазіретті «Науанның безгегіне осы Коноваловтың соты ем болмаса, киік өті ем болмас» деп өлең айтыпты.
Науан қазірет жер ауып, үш жыл жүріп келіпті. Қазіреттің сол күндегі әйелі Фахрутден Муфтахутденов деген (татар және қазақ тілінде өлеңдер шығаратын) татардың қызы Хұснылбанат деген екен.
Фахрутден отыз бес жыл салдат болған кедей адам екен. Әйелі әрі кедей қызы, әрі татар қызы болған соң қазірет оны үнемі «Көксақал салдаттың қызы, таңдайына ас тимеген татардың қызы» деп қорлай береді екен.
Қазірет жер ауғанда осы әйелі оны жалғыз жіберуге қимай, ізденіп жер ауған жеріне бірге барыпты. Сол уақытта Ақан: «Әйелді ұлтына, тұрмысына қарап бағалама, ақыл, сана, ой тұрысына қарап бағала» деген екен.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі