Бір кедей шаруа келе жатса алдынан ақ боз атқа мінген ақ шапанды, ақ сақалды, ұзын бойлы, батыр қабақты бір адам кез бола кетіп, аман сәлемге қарамастан ұзын ақ таяғын нұқи көтеріп:
— Ей, сорлы! Сенің жарты өмірің байлықта, жарты өмірің пақырлықта. Кәне, қайсысын алдымен аласың? — депті.
Ол жігіт «Мен үй ішіммен ақылдасып кеп айтайын» дейді.
Қатынына келіп:
— Ой, қатын, біздің ғұмырымыздың жартысы байлықта, жартысы пақырлықта екен. Алдымен қайсысын алайық? — дейді.
— Алдымен байлықты алайық.
— Ой, қатын, жас уақытымызда байлықты алып ап, қаусағанда пақырлықты алсақ не боламыз?
— Жоқ, біз алдымен байлықты алуымыз керек, — деп қатыны болмаса керек. Ақыры байлықты алдымен алды. Бай боп кетті. Қой көп бітті. Мың қой бітіп, мыңғырылып қорада жатты.
Көп үй көрші қонды.
— Мыналарға сауын берейік — дейді байы.
— Жоқ. Сауын бермейік. Оның орнына енші берейік, — дейді қатыны. Отыра мыңғырыла біткен қойдан он үйге жүз-жүзден ұстап бөліп береді.
— Мынаны қайткендерің? — дейді көршілері.
— Бұны бір-ақ жолата сіздерге бергеніміз — дейді.
Біздің жарты ғұмырымыз байлықта, жарты ғұмырымыз пақырлықта. Басымызға күн туған уақытта көмектесіңдер, — дейді. Сонан қалған жүз қойды он-оннан қосып беріп бақтырады. Олар уақытында қырқып, сауып беріп тұрды. Осылайша жақсы өмір сүре береді. Осылайша жүргенде он-оннан қосқан қойдан жас ортасына келе бере айырылып қалады. Бастарына қайта пақырлық орнаған кезде жаңағы жүз-жүзден қой берген көршілері жүз-жүзден қайтарып қой береді. Міне, осылайша қайтадан өмірі байлықпен өте бастайды. «Қатыныңның ақылымен бай бол, бай болсаң — жомарт бол» деген сөз осыдан қалса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі