Өлең, жыр, ақындар

Жүкті әйелдер туралы қызықты деректер

Ең әдемі әйел — жүкті әйел. Бұл әйелдердің әлемі басқа. Олар ашуланшақ, тым ерке, эмоциялы болып келеді. Аяғы ауыр уақыттағы қорқыныш барлық әйелге тән. Жүкті әйелдер туралы қызықты деректерді материалымыздан оқи аласыз.

1. Жаңадан туылған сәбидің көзі нашар көреді. Бірақ анасын бірден тани алады;

2. Жүкті әйелдердің ас қорыту процессі баяулайды. Себебі сәбиге қажетті пайдалы азық бөлінеді;

3. Қарындары тез ашады, тамақты талғап жейді;

4. Көңіл-күйлері тез арада ауысады;

Аяғыңыздың ауыр екенін білген сәттен токсикозға, жағымсыз көңіл-күйге дайындалудың қажеті жоқ. Өйткені, әркімнің жүктілігі әрқалай өтеді. Бірінші балада ауыр токсикоз мазаласа, екінші балада ол мүлде болмауы да мүмкін.

5. Томас Битти бала көтерген алғашқы ер адам;

6. Күні жетпей туылған бала 22 апта, 6 күн ғана ана құрсағында болған. Бұл әлемдегі ең кішкентай мерзім. Бала қаламсаптың көлеміндей ғана болған;

7. Ең ұзақ жүктілік 375 күнге дейін созылған. 1 жылдан астам уақыттан кейін туылған баланың жағдайы қалыпты;

8. Зерттеулерге сүйенсек, аяғы ауыр кезінде шылым шеккен аналардың басым бөлігі дүниеге қыз бала әкеледі екен;

9. Аяғы ауыр әйелдерге күніне 300 калорий артығымен жеу керек. Олардың ағзасы құнарлы тамақты талап етеді;

Аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтануы да өте маңызды. Іштің қатуына әкелетін тамақтарды жемей-ақ қойған жөн. Сонымен қатар, ащы, тұзды, дәмдеуіштері көп тағамдардан да тартынған дұрыс. Тамақты тойып жеген де зиян. Аз-аздан, жиі-жиі ішіңіз. Ақуызды тағамдарды көбейтіңіз.

10. Статистикаға сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде әйелдердің 40%-ы кесареваның көмегімен босанған;

11. Жүкті әйелдің аяғының өлшемі 1-2 есеге үлкейеді;

12. Жүкті әйелдің иіс сезу мүшесі ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі;

Аяғы ауыр әйелдің бәрінде өз-өзінен жылағысы келіп, көңіл-күйінің күрт бұзылатын сәті немесе аяқ астынан қуанып, ұшып кеткісі келетін кездері де жиі болады. Кейде жүрегі айнып, құсқысы келіп, басы ауырып жатады. Есіңізде сақтаңыз, мұның бәрі уақытша.

13. Бала туылғанда тізесінің сүйегі болмайды;

14. Әйелдердің 99%-ы перзентханада босанады. Олардың 91%-ы акушердің көмегіне мұқтаж болады. Бірақ босанудың басқа әдістерін қолдайтын әйелдер де бар көрінеді;

15. Бесем табудың мүмкіндігі 600 000 адамның ішінен 1-еу ғана;

16. Бала анасының құрсағында жатқанда саусағын сора бастайды;

17. Жүкті әйелдердің шаштары қалың, әлі жылтыр болады. Себебі олардың ағзасында өзге гормондар бөлінеді;

18. Егерде анасының да, әкесінің де бойы кішкентай болса, ортадан шыққан баланың бойының ұзын болуы әбден мүмкін;

19. Әр 3 секунд сайын дүниеге сәби келеді;

20. Бала туылмағанға дейін дәретке баруды қажет етпейді;

21. Әйел адамның 40 жаны бар деп жатады. Бірақ аяғы ауыр кезде олар өте әлсіз келеді. Кез келген жағдай баланың шетінеп кетуіне немесе түсіктің болуына себеп бола алады;

Дүниеге дені сау сәби әкелу үшін қимыл-қозғалысыңызды арттырыңыз. Егер жүктілікке дейін спортпен айналысқан болсаңыз, ағзаңызға қатты күш салмай жалғастыра беріңіз. Ал бұрын спортпен мүлдем айналыспаған болсаңыз, онда таза ауада жаяу көп серуендеңіз. Құрсақтағы сәбиіңіздің дұрыс дамуына оттегінің ықпалы зор.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Дене шынықтырудың жүкті әйелге тигізетін пайдалы әсері

22. Аяғы ауыр әйел ерекше құлпырып кетеді. Ол рас. Жүктілік кезінде әйел адамдардың терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі аяғы ауыр кезде, әйел адамның ағзасындағы қан мөлшері 50%-ға артады;

23. Кейбір ер адамдарда әйелінің аяғы ауыр кезінде құсу, салмақ қосу, ішінің ауруы, бас айналу, тәбеттің болмауы секілді белгілер пайда бола бастайды;

24. Жүктіліктің 10%-ы түсікпен аяқталады. Түсіктің көбісі алғашқы апталарда болады. Ол туралы әйелдің өзі де білмеуі мүмкін;

25. Жүктілік кезінде әйелдің жүрегі мен бауырының көлемі ұлғаяды;

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Әйелдердегі вирустық гепатиттер

26. Бала құрсақта жатқан кезде жылайды, күледі, тіпті билейді де. Сол үшін әйел адам үнемі жақсы ән тыңдап, жақсы әңгіме айтып, тек жағымды нәрселерді ойлау керек. Анасы қандай сезімде болса, баласы да сол эмоцияларды бастан кешіреді;

Жаман қасиеттеріңізден арылуға тырысыңыз. Аяғы ауыр кезінде ананың тәртібі жаман болса, ол балаға беріледі. Бүкіл уақытын құрбысымен әңгімеге арнаса, телефоннан түспесе, дүниеге келген бала да сөзшең болып шығады. Балаңыз жамандыққа жоламасын десеңіз, жаман әдеттерден аулақ болыңыз.

27. Балалардың көбісі көк, сұр-көк, аспан-көк түсті көздермен туылады. “Ол баланың ағзасында меланин пигментінің жетіспеуі”, – деп түсіндіреді ақ халаттылар. Жарты жыл ішінде көзінің түсі өзгеруі мүмкін. Егерде меланин жеткіліксіз болса, онда көзінің түсі көк түсті болып қала береді. Ал меланин пигменті жеткілікті болса, онда көзінің түсі қоңырқай немесе жасыл түске өзгереді;

28. Ең көп балалы ана Ресей тұрғыны Федора Васильқызы. Ол дүниеге 69 бала әкелген. 40 жылдың ішінде 27 рет босанған. 4 рет төртем, 7 рет үшем, 16 рет егіз бала тапқан;

29. Ең қызықты дерек! Жүктілік кезінде екінші рет қайта көтеріп қалу. Яғни, әйел адам жүктіліктің 3-4 аптасында немесе 4-5 айында жүргенде, екінші баласын көтеріп қояды. УДЗ (УЗИ) жасау кезінде, ол егіз немесе екінші бала мүлдем байқалмауы да мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Қай бала қай уақытта ұрықталғанын босанғаннан кейін ғана анықтауға болады;

30. Ең жас ана атанған 5 жастағы Лина Медина есімді қыз. Құрсақ қуысы қатты ауырып, анасы оны ауруханаға алып келген. Дәрігерлер Линаның аяғының ауыр екендігін бірден анықтаған. Кесарева жасап, 1933 жылы дүниеге Херардо есімді ұл келеді. Херардо өзінің туған анасы Лина екендігін 40 жасында бірақ білген екен;

31. Егіз немесе үшем тууға ұзын бойлы және толық әйелдердің мүмкіндіктері басым;

32. Баланың саусақ іздері туылғаннан кейін 3 айдан соң ғана тұрақталады.

Оқуға кеңес береміз:

Жүктілік кезінде ескеретін жайттар

Жүкті әйелге кеңес


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер