Жүктілік кезінде әйелдің барлық дене ағзаларында үлкен өзгерістер болады. Ағза жатырдағы ұрықтың өсіп-жетілуіне байланысты жаңа жағдайға бейімделеді. Барлық ағзалар қалыпты жағдайда болады, бірақ жүктілікке дейінгі жағдаймен салыстырғанда артық ауыртпалықпен жұмыс жасайды. Дұрыс тамақтанып, демалыс тәртібін дұрыс сақтап, зиянды әдеттерден (темекі шегу, спиртті ішімдіктер ішу) аулақ болған жағдайда жүкті әйел ағзалары қалыпты жағдайда жұмыс жасай алады.
Жүкті әйелдің дене шынықтырумен айналысуының жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңдердің дұрыс өтуімен қатар дүниеге дені сау нәресте әкелуде маңызы зор. Тәжірибелік байқаулардың нәтижесіне жүгінсек, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданған әйелдердің босануы жеңіл әрі ешбір қауіпсіз өтетін көрінеді. Дене шынықтырудың арқасында жүкті әйелдердің тыныс алу, жүрек-қан тамыр және жүйке жүйелерінің жұмысы жақсарып, жыныс және ішкі ағзаларының бұлшық еттері шынығып, босану кезінде еріксіз созылуына, белгілі бір уақыттан соң қайта қалпына келуіне мүмкіндік туады. Әртүрлі дене шынықтыру жаттығулары қынаптың және омыртқаның төменгі бөлігіндегі бұлшық еттерді шынықтырады, жүктілік кезінде іш қатуға, етеккір кезіндегі ауырсынуға, жатыр бездерінің қабынуына жол бермейді. Шыныққан әйелдерде босану кезінде қынаптың жыртылуы, тағы басқа асқынулар сирек. Сондықтан жүктілікке дейін де, жүктілік кезінде де, босанғаннан кейін де дене шынықтырумен айналысқан жөн. Жүкті әйелдің дене шынықтырудың қандай түрімен, қанша мөлшерде айналысу керектігін дәрігер анықтап береді.
Төменде көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдерге дене шынықтырумен айналысуға болмайды:
1. Қан айналымы өзгерісі бар жүрек-қан тамыры ауруларының болуы;
2. Бала жолдасының теріс орналасуы;
3. Жүктілік уыттануының (токсикоз) ауыр түрі кезінде;
4. Түсік қаупі болғанда;
5. Су-егіз;
6. Егіз жүктілік;
7. Жатырдағы баланың теріс орналасуы;
8. Алдыңғы жүктілік кезінде әйел оталау арқылы босандырылған болса.
32 апталық жүктілікке дейін дене шынықтырудың 2 түрлі жолымен айналысуға болады:
1. Маман дәрігерлердің бақылауымен жүкті әйелдерге кеңес беру орындарында топталып айналысу;
2. Әрбір жүкті әйел өз еркімен үйде айналыса алады.
Дене шынықтыру ұзақтығы 15-20-30 минут. Жаттығудың жеңіл түрінен ауыр түріне ауысып отырады.
Дене шынықтыру кезеңдері:
1. 16 апталық жүктілікке дейін;
2. 16-21 апталық жүктілік;
3. 27-32 апталық жүктілік;
4. 32-36 апталық жүктілік кезінде.
Н. Б. ЛИ, жоғары санатты дәрігер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі