Өлең, жыр, ақындар

Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы.  (Бұғы)
 
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында.  (Бұғы)
 
Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап.  (Бұғы)
 
Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған. (Марал)
 
Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуiнiң ұқсастығы
Бередi тұрқы елес.  (Құлан)
 
Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар.  (Құлан)
 
Пысқырғыш не?
Ысқырғыш не?  (Құлан мен жылан)
 
Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай.   (Арқар)
 
Тау көтерген төрт қазық.  (Төрт аяқ)
 
Жез бейнелi өзi,
Кең дала еркесi,
Мөп-мөлдiр көзi.  (Киiк)
 
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды?  (Арыстан)
 
Түлкi ұқсас тұрқы,
Бiр тоймайтын құлқы,
Андитыны тастан,
Құс пен тышқан.  (Қабылан)
 
Мойыны тұтасқан,
Аузы апан.
Жоны жалпақ,
Бұты талтақ.   (Бегемот)
 
Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi.
Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты?  (Пiл)
 
Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.   (Пiл)
 
Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi.   (Зебр)
 
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады.  (Жираф)
 
Мойыны сорайған,
Сирағы серейген.
Теңбiл шұбар терiсi,
Шөлдегi аңның iрiсi.
Жонында жалы бар,
Бұл қандай жануар?  (Жираф)
 
Иiр мүйiз,
Сүйiр мүйiз,
Ай қабақты,
Май бұғақты,
Тұла бойы
Бұқа мойын,
Бұл қандай түлiк,
Сен де оны ал бiлiп?   (Қошқар)
 
Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.   (Түйе)
 
Көрiп тұрар бар ауыл,
Бiр тауда қос қарауыл. (Түйе өркешi)
 
Ұқсап тұрған жақшаға,
Төбеде өскен шақша ма?  (Iрi қара мүйiзi)
 
Желемiк күнгi толқындай,
Бұйрасы бар,
Төл тоны.
Бағалайды алтындай,
Киiм тiгiп, ел де оны.  (Қаракөл елтiрiсi)
 
Жыртылмай-ақ тоны,
Жамапты оны.
Бiр жерi қара ала,
Бiр жерi сары ала,
Тiгiлмеген бiрақ,
Бұл қандай құрақ?   (Шұбар мал терiсi)
 
Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы.   (Лақ)
 
Бұтақтарға секiрiп,
Әр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi.  (Ақтиiн)
 
Бұтақтардан бұтаққа,
Орғиды да қарғиды.
Кейде салар бұлтаққа,
Құйрығымен әрқилы,
Қос құлағы делдиiп,
Тыныштықты бағады,
Жемiн тауып жейдi үйiп,
Домалатып шағады.   (Тиiн)
 
Шырша саясы – күркесi,
Өзi орман еркесi.
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа.   (Тиiн)
 
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал.   (Түлкi)
 
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)
 
Жылқыны қарына қыстырып,
Тұйенi ернiне қыстырып,
Есектi құлағына қыстырып
Қасқырды ат қып мiнiп,
«Әйт!» дегенде жүре берген.   (Қоян)
 
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.  (Қоян)
 
Жылқы тұмсық,
Ешкi құйрық,
Есек құлақ,
Түйе ерiндi,
Төрт аяғы тең емес,
Бiрi ұзын,
Бiрi қысқа,
Қорқақ өзi,
Қыли көзi.    (Қоян)
 
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай-ақ.   (Қоян)
 
Ерiншектi,
Емiншектi,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кiм табады?   (Ара)
 
Жаздай жатпай,
Қырдағы гүлдi аралар,
Өзi де татпай,
Жинар гүл шырынын,
Тисең оған құрыдың,
Аямай шағып жаралар.   (Ара)
 
Гүлдiң нәрiн жинайды,
Адамға бал сыйлайды,
Ұнатады бiрлiктi,
Қоғамдасқан тiрлiктi.
Еңбекқорды аялайды,
Ерiншектi аямайды.   (Ара)
 
Тұт ағашын өрмелеп,
Жейтiн дәмi жапырақ,
Сiлекейiн кермелеп,
Мата тоқыр жалтырақ.  (Жiбек құрты)
 
Қалдырмай баласын бiр елi,
Қалтаға салып-ап жүредi.   (Кенгуру)
 
Топырақпен көң астын,
Қопарып ем.
Жыбырлаған кен аштым.   (Жауын құрт)
 
Шөп iшiнде жүредi,
Шақса уын жаяды.
Зиянын қойлар бiледi,
Кұйсетiп жеп қояды.   (Қарақұрт)
 
Қанды сорып сүлiктей,
Ызыңдап кеп шағады,
Бұл қандай бүлiк дой?   (Сона)
 
Тастан салған үйi бар,
Көшiп жүрер асықпай,
Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ iздеп, ашықпай.    (Тасбақа)
 
Сұм жүздi,
Құралай көздi,
Киiкше секiрген,
Бура санды,
Жолбарыс тонды.    (Құрбақа)
 
Қоңырқай жүнi бар,
Төрiсi өте бағалы
Аязды күнi жылынар,
Киiм тiккен жағалы.    (Жанат)
 
Ызындап ән салып,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттiге тамсанып,
Қоқысқа қонады.    (Шыбын)
 
Ерiксе,
Құйрығымен ойнайды.
Зерiксе,
Ұйқыға бiр тоймайды.   (Мысық)
 
Денесiне қапталған,
Сырты түбiт тоны бар.
Дыбыссыз кiрiп-шығады,
Бұкiрейген жоны бар.    (Мысық)
 
Мұртын сипап күн бойы,
Бетiн сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды көп қуады.     (Мысық)
 
Адамға серiк,
Күзетке берiк.   (Ит)
 
Табанынан тыз етiп,
Жүрсе дағы сыз өтiп.
Күнi-түнi ерiнбей,
Үйдi жүрер күзетiп.   (Ит)
 
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдыұң өш бар итi.    (Қасқыр)
 
Төрт түлiктiң рэкетi,
Түзде жүрер көк серi.    (Қасқыр)
 
Борық iздеп iшiнен,
Қара жердi
Беткейдi
Қопарады тiсiмен,
Бiрақ егiн екпейдi.   (Қабан)
 
Жер қопарған тiсiмен,
Сескенесiң түсiнен.   (Қабан)
 
Тастамайды бiр елi,
Үйiн сүйреп жүредi.   (Тасбақа)
 
Құжынаған жұмыскер
Бiрлескенде тым iскер.  (Құмырсқа)
 
Үстi толы ине,
Бiрақта, iс тiгiп,
Қадамайды түйме.  (Кiрпi)
 
Ешбiр бұйым тiкпеген,
Үстi толған көк тебен.  (Кiрпi)
 
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстiн түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған.    (Кiрпi)
 
Жұдырықтай тұрқы,
Ошағанға ұқсас сырты.
Бұл не?   (Кiрпi)
 
Денесi буылтық,
Сырты жасыл түк.    (Жұлдыз құрты)
 
Тор тоқуға шебер-ақ,
Бiрақ киiм тiкпейдi.
Өнерi де өнер-ақ,
Бiрақ iсi бiтпейдi.    (Өрмекшi)
 
Шақылдап ашықта,
Тiк тұрар қазықтай,
Жем iздеп жортады,
Тысырдан қорқады
Iнiн кеп сағалар,
Зып етiп жоғалар.   (Саршұнақ)
 
Құм жолад жортады,
Тұрса жеп қияқты,
Сыбызғы тартатын,
Музыкант сияқты.   (Суыр)
 
Иiр-иiр үйi бар,
Iшi қапас әрi тар,
Құлақ тоссаң
Ызыңдаған үнi бар,
Бұл не, бiлiп ал.    (Ұлу)
 
Қарақұрым нөпiрi,
Егiн, шөптiұң жебiрi.   (Шегiртке)
 
Лақ емес енесiн еметiн,
Бiрақта емшекке кiм төнетiн.  (Ешкiемер)
 
Шөл даланы мекендеп,
Жүгiредi секендеп.
Құйрығы ұзын шашақты,
Аяғы көп саусақты,
Түнде iздеп керегiн,
Iнге жинар қорегiн.     (Қосаяқ)
 
Бар дауысымен тақылдап,
Шалшық көлдi мақтайды.
Өзiн-өзi мақұлдап,
Бiрiн-бiрi жақтайды.
Тәулiк бойы бақылдап,
Мезгiлiмен жатпайды.   (Бақа)
 
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кiм шалшықта.
Бiрiн-бiрi мақұлдап?    (Бақа)
 
Сабы жоқ қамшы,
Ешкiмге ұсынба,
Уы бар бiр тамшы,
Тiлiнiң ұшында.   (Жылан)
 
Сумаңдаған тiлi бар,
Бґраңдаған iзi бар.
Тiл ұшында уы бар,
Ол не?
Бiлiп ал!     (Жылан)
 
Жол үстiнде егiз өрiм,
Қамшы жатыр сегiз өрiм.   (Жылан)
 
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.   (Тышқан)
 
Ойлайсың,
Көрсең түйме деп,
Тұмсығын тығып қадалып,
Шағады бадалып,
Ақыры өлер тоқтықтан,
Жан берер оған соқтыққан.   (Кене)

 

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Жұмбақтар жауабымен

Сайттағы барлық жұмбақтар

Логикалық-Әзіл жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Жануарлар мен құстар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (23)

НАуан

Борсык туралы жумбак тауып бериниздерш

Ақмаржан

Керемет

Акерке

Автобус туралы ангiме айтындаршы

Айкен

Өте керемет.Рахмет сіздерге

Балжан

Керемет

Сундетали

Өте керемет

Гулжамал

Оте керемет ертен мен бес алам деген ойдамын.Менин сабагым 08.11.2017ж.

ЕРНАР

Сәлеметсіздерме құрметті оқырман! Бұл сайт өте жақсы, тиімді екен. Мен ертең сіздердің арқаларыңызда бестік баға аламын!

Айзат

Яяя оте керемет бирак жылкы сиыр кой ешки туйе жумбагын жазынышшы

Айзат

салеметсиздерме керемет бирак сиыр жылкы кой ешки бир айткканда торт тулик жымбағын жазынышшы отинемиз

Аманжан Айгерім

Сәлеметсіздерме өте керемет екен рақмет

Қарақат

Өте жақсы

Санжар

оте керемет

Санжар

оте керемет

маган катты унады

Аружан

Керемет жумбактар.Маган катты унады.

Аружан

Керемет

Аяна

Оте керемет издегенимди таптым рахмет

Фархат

Өте жақсы керемет

Ннннн

Оте жаксы

Болат

Керегіме жарады рахмет!

маржан

сабак унады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар