Өлең, жыр, ақындар

Мамандықтар туралы жұмбақтар

Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.
(Балықшы)

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін ңұсқаған,
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Милиционер)

Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?
(Қылқалам шебері)

Маңдайға жағып шырақты,
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?
(Шахтер)

Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
(Суретші)

Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға.
(Футболшылар)

Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тындайды.
(Журналист)

Кең байтақ туған жеріме,
Кетпесін деп жат із өтіп.
Тыныштық тілеп еліме,
Отанды кім тұр күзетіп?
(Альпинист)

Айлар бойы жүзеді,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кім біледі?
(Теңізші)

Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың,
Білсең айтшы, балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы?
(Қойшы)

Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы,
Маң далада бұйығы,
Сөнбей жанса шырағы,
Жер астының сұйығы
Фонтан болып шығады.
(Мұнайшы)

Ол жетсе ауылға,
Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады.
(Электрші)

Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
(Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
(Тігінші)

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
(Аспаз)

Топырақтың құнарын,
Дәл тауып құрамын,
Қай жерде қай дақыл,
Өнім берер бай дақыл,
Зерттеп дәйім жүретін,
Кім бәрін білетін?
(Агроном)

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі.
(Радио дикторы)

Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы?
(Кірпіш қалаушы)

Қараңғыны қақ жарып,
Жүрген кім шам жағып?
(Монтер)

Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
(Аспаз)

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)

Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.
(Етікші)

Көкке ұшқан шарықтап,
Шаңырақтың бауынан.
Ұстап үстем қалықтап.
(Парашютист)

Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
(Өрт сөндіруші)

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
(Тоқымашы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
(Күйші)

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Сайттағы барлық жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Логикалық жұмбақтар

Метаграммалар

Алфавит, әріптер жұмбақтар

Жануарлар мен құстар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз