Өлең, жыр, ақындар

Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Бөдене жұмыртқасы — өте бағалы диеталық өнім. Мамандардың мәліметінше, бөдене жұмыртқасы биологиялық құндылығы жөнінен тауықтың жұмыртқасынан басып озады. Дала құсының бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең болғанымен бөдене жұмыртқасының құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­ан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондай-ақ, олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әл­де қайда жоғары.­

Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізетін пайдасы

Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға  таптырмас ем:

— бас ауруына;
— демікпе мен туберкулезге;
— сәуле ауруларына;
— бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады;
— қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді;
— анемияға;
— фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады;
— бөртпе пен диатезден құтқарады;
— салқын тию мен тұмауға;
— бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады;
— баланың есте сақтау қабілетін арттырады;
— диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
— радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады;
— адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады);

Бөдене жұмыртқасының зияны

Ал мұндай пайдалы өнімнің кемшіліктері бар. Бөдене жұмыртқасы гипоаллергенді деген пікір бар, бірақ іс жүзінде олай емес. Сондықтан балаңызды бөдене жұмыртқасымен тамақтандырмас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.

Сонымен қатар, холестерині жоғары және жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал. Сондай-ақ, бөдене жұмыртқасын шамадан тыс тұтыну бүйрекке әсер етуі мүмкін. Және бұл өнімнің калориясы да айтарлықтай жоғары, сондықтан арықтау үшін оны тым көп жеуге болмайды.

Бөдені жұмыртқасына қалай тұтынған жөн?

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы.

Дала құсының өнімін қай елдер халық медицинасында қолданады?

Жапония мен Қытай да бір­неше ғасырдан бері бөдененің етімен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Басылым дерегінше, күншығыс елінде мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.

Бөдене туралы тарихи деректер

Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің дастарқанынан үзілмеген. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескені тарихта бар.

Бөдененің неше түрі бар?

Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі.

Оқуға кеңес береміз:

Күніне 2 жұмыртқа тұтынғанда денеңізде болатын 9 өзгеріс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер