Өлең, жыр, ақындар

Қауіпті диареяның белгілері

Кей адамдар диареямен дәрігерге көрінуге ұялады. Диарея не үшін пайда болады және қандай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек?

Егер адамда үш немесе одан да көп рет сұйық нәжіс болса, дәрігер оған диарея диагнозын қояды.

Не үшін пайда болуы мүмкін?

— Жұқпалы ауру. Бұл әдетте бұзылған тамақтан немесе ластанған судан болады. Жұқпаның белгілері 12 сағаттан 4 күнге дейінгі уақыт аралығында пайда болып, 3-7 күнде кетеді;

— Тітіркенген ішек синдромы;

— Ішек қабыну аурулары;

— Тағамдық аллергия;

— Целиакия;

— Лактаза жетіспеушілігі;

— Созылмалы панкреатит;

Созылмалы панкреатит

— Антибиотикпен байланысты диарея;

— Кей дәрілердің қосымша әсері;

— Басқа да аурулар (бірінші типті қант диабеті, алкогольді энтеропатия, ішек туберкулезі және т.б).

Егер ауру жеңіл өтіп жатса, сұйық нәжіс күніне бірнеше рет болады, бірақ жалпы хал-жағдай қалыпты болуы керек. Ауыр жағдайда нәжіс жиілігі күніне 20-ға дейін баруы мүмкін. Бұл жағдайда су мен тұз мөлшерінің көп бөлігі жоғалады, ал ол сусыздану шақыруы мүмкін. Диарея қызу көтерілумен, іш ауруымен немесе түйілумен қатар жүруі мүмкін.

Сізге жедел дәрігер көмегі керек екенін қалай білуге болады?

Барлық жағдайда бірдей үйде жату керек емес. Кейде диарея — қауіпті.

Сорбенттер диареяны емдеуде кең қолданылады. Алайда ол бәріне бірдей көмектеспеуі мүмкін.

Ескерту: егер диарея 48 сағаттан кейін де кетпесе, дәрігерге қаралу керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер