Жер бетінде кез келген адамның көзіне көрінбейтін, құт дарыған бір жер бар дейді. Ол «Жерұйық» деп аталады. Жерұйықтағы барлық адамдар ауырмай-сырқамай, жүз жасайды. Мал жылына екі рет төлдейді. Елге жау қатер төндірмейді. Рақымсыз жұт болмайды.
Айнала төңіректе түгел шүйгін де шалғын көгорай шөп жайқалып, тап-таза тұнық өзендер ағады, көгілдір көлдерінде қисапсыз балық тіршілік етеді.
Адамдар қайғы мен жауласуды білмейді, қамсыз-мұңсыз өмір кешеді, не ішемін, не жеймін демейді.
Ол жердегілердің бәрі тең, бәрі бақытты, бәрі дос. Халықтар өзара соғысып, қырқыспайды, тату-тәтті тұрады. Қой үстіне бозторғай ұя салады.
Тек бұл жерге жету – қиынның қиыны. Ұзақ әрі қиын сапарға жылдар бойы дайындалу керек.
Жерұйықтың жолы шөл далалардан, таулар мен теңіздерден өтеді дейді. Тек бақыт жолындағы күрестің не екенін білетін, барлық сындарға төтеп бере алатын халық қана осынау елде өзінің ордасын орната алмақ.
Бірақ мұндай жердің қайда екенін ешкім білмейді…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі