Бір күні Пьомбиноға ғажайып жаңбыр жауды: аспаннан бұршақ тәрізді жасыл сарғыш, ал қызыл, көкшіл кәмпиттер сауылдап төгілді-ай дейсің келіп. Бір бала бұған таңғалды. Ол жасыл бұршақты теріп алып, аузына салып көріп еді, жалбыз дәмі аузын салқындатып жіберді. Екінші бала бұршақтың қызғылт түстісін жеп көрсе, жидектің хош иісі бұрқ ете қалды.
— Бұл кәмпит! Бұл кәмпит қой! — деп шу-шу етті балалар. Үлкендер де, балалар да далаға жүгіріп шығып, кәмпитті теріп, қалталарына салып жатты. Жаңбырдың төпеп жауғаны соншалық, жұрт қанша терсе де, кәмпит таусылар емес.
Бұл ғажайып жаңбыр онша ұзақ жауған жоқ, сонда да жұпар иісті кәмпит жер бетінде кілемше төселіп қалды, аяғыңды бассаң болды, күтір-күтір етеді. Мектептен қайтқан оқушылар сөмкелерін кәмпитке толтырып үлгерді. Ал әжелер болса, басындағы орамалдарын шешіп, кәмпитті орап алып жүр.
Міне, нағыз мейрам деп осыны айт!
Жұрттың көбі әлгі ғажайып жаңбырды әлсін-әлі есіне алып, қайтадан сондай кәмпит жауатын күнді аңсап жүр. Бірақ Пьомбиноға да, Туринге де, тіпті Кремоноға да қайтып кәмпит жауған жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі