Өлең, жыр, ақындар

Қазақ әдебиетіндегі еңбекші әйелдер бейнесі


Қазақ әдебиеті ұзақ ғасырдан бері әртүрлі бағытта дамып,көптеген тақырыптарды қамтып келе жатыр. Қарапайым табиғаттан бастап әйел тағдырына дейін жазылған біздің әдебиетіміз еңбекші әйелдер бейнесінде көркем суреттеген. Қазақ әдебиетінде еңбекші әйелдер бейнесі біз ойлағаннан да көп кездеседі. Өйткені,көп танымалдылық жинап, оқырман көзайымына айналған көркем шығармалар өткен жылдарға яғни КСРО заманына, соғысқа дейінгі,кейінгі,жалпы соғыс уақытына тән. Осы уақыттарда расында да еңбекші әйелдер бейнесі көп болды,бұның барлығы сол уақытта қаоыптасқан жағдайға байланысты еді. 
1.Ұлпан романы.Романның авторы Ғабит Мүсірепов және бұл роман 1974 жылы дүниеге келді. Басты рөлдегі Ұлпан менің ең сүйікті кейіпкерім.Менің ойымша, әдебиетіміздегі еңбекші әйелдердің алғашқы шебінде Ұлпан тұруы қажет.  Өзінен бірталай жас үлкен кісіге үйленіп,сол кісіге ғана емес ,дүйім бір жұртқа сыйлы болған Ұлпанның сыйлы істері көп. Оның есімі Торғай уезінде Есенейдің есімімен бірге айтылып жүрді. Алайда,халық Есенейден гөрі Ұлпанға жақынырақ болған еді. Алып денелі,қатаңдау келген,сұсты түрлі Есенейге халық елдің сырын,өз жағдайларын айта бермейтін. Ұлпан келе олардың жағдайлары өзгеріп, шағымын айта алатын адам пайда болды.Яғни, Ұлпан халқымен жақынырақ болған. Ол елімен санасып, ақылға жүгініп,халқының қалауын орындайтын ел сүйіктісіне айналған еді. Ұлпан әлі дамымаған қазақ ауылына алғашқы монша,қыстақ үй салуды енгізу арқылы елге көп көмегін тигізді. Ел-жұрттың қамын ойлап,мұң-мұқтажын сезіне алған Ұлпан Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беру арқылы тағы да өзінің кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығын танытты. Сибан еліне аз жылда билігін айта алар тұлғаға айналған Ұлпан ел басқару жолында Есенейден де асып түсті деп айтсам қате емес. 
2.Ай мен Айша романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен алынған оқиғалардан тұрады. Романда оқиға Ұлы Отан соғысы мен қуғын-сүргін уақытында өрбиді. Еркектердің барлығы соғысқа кеткен,ал Айшаның күйеуі Мұртаза халық жауы деп қудаланған еді .Осылай қаһарлы заманда 3 баламен қалған Айша өмірдің барлық қиыншылығын бастан кешіреді. Еркектер соғыста болғандықтан, барлық ауыртпашылық жұмысқа қабілетті әйелдер мен есі кірген балаларға түскен еді. Кішкентайында Барысхан қазір Шерхан деп танылған жас жазушы да анасымен көп еңбек етіп, бар ауыртпашылықты көрді. Жығылғанға жұдырық болып халық жауы атанған күйеуі үшін Айшада ел арасында жүріп сол замандағы биліктен көп қыспақ көріп,көп әділетсіздікке төзуіне тура келді.
3.Жабайы алма повесті соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс,қажырлы еңбек,адами қасиеттер сөз етілетін шығарма. Бұл повестте тек бір адамның емес,көптеген әйел қауымының соғыс уақытындағы қиын өмірі сипатталады. Сол еңбекші әйелдер бейнесінде автордың анасы мен әпкесі,Нұрсұлу ,тағыда басқа ауыл әйелдері болды. Олар егістікте жұмыс істеп,соғыстағыларға көмек беретін барлық жұмысты атқарып,бірге тағдыр тауқіметін көрген еді. Жұмыс істейтін адамның ,бригадирдің жоқтығынан бұл жұмысты бала-шаға асырап отырған автордың анасы атқарған еді,соңында еңбек жолында жауыздардың қолынан қаза тапты.Ал әпкесі Нәзира болса егіншілікте жұмыс істеп қана қоймай,тракторшының оқуын оқып, кейіннен соғыстан зардап шеккен қалаларды қалпына келтіруге жыраққа кетіп қалады.
   Осындай әйелдер бейнесі қазақ әдебиетінде мәңгілік бейне болып қала береді және де бұл әйелдердің күшінің шектігінің жоқ екенін білдіреді деп есептеймін. Негізі, еңбекші, батыр әйелдер қазағымызда көп,олардың барлығы сый-құрметке лайық

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз