Өлең, жыр, ақындар

Философиялық сенім және адам трагедиясы

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
«Философия және Саясаттану» факультеті
«Дінтану және Мәдениеттану» кафедрасы
мамандық «6В03102 – Мәдениеттану»
Орындаған: Қайнар М. 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Жолдубаева А.К. Философия ғылымдарының докторы, доцент

Философиялық сенім – адамның белгілі бір философиялық идеяларға, құндылықтарға, дүниетанымға сенуі. Бұл сенімдер негізінде өмірдің мәні, моральдық құндылықтар, ақиқат, таным мен болмыстың табиғаты сияқты негізгі сұрақтарға жауаптар іздейді. Мұндай сенімдер адамның әрекеттері мен шешімдеріне әсер етіп, өмір жолын анықтай алады. Мысалы, адам прагматикалық философияны қабылдаса, ол ақиқатты тек тәжірибелік нәтиже арқылы анықтауға бейім болады, ал экзистенциалистер өмірдің мәнін жеке тәжірибе мен ішкі сезімдер арқылы іздеуі мүмкін.

Карл Ясперстің “Философиялық сенім” (нем. “Der philosophische Glaube”) атты еңбегі философия мен діни сенімнің арасындағы байланыстарды зерттейтін маңызды туындылардың бірі болып саналады. Бұл кітапта Ясперс философиялық сенімнің діни сенімнен айырмашылығын талқылайды және философияның негізгі міндеттерін айқындайды. Ол өзінің еңбектерінде философиялық сенімнің негізгі теорияларын айтып кеткен.

Философиялық сенім еңбегі ХХ ғасыр философиясында маңызды рөл атқарады, себебі ол дін мен философияның өзара қарым-қатынасы туралы жаңа көзқарас ұсынады. Ясперс философиялық сенім арқылы адамның шындыққа ұмтылысын және оның шектеулілігін сипаттай отырып, философияның адамның ішкі дүниесін түсінудегі рөлін көрсетеді

Адам ойлауының трагедиясы – бұл адамның ойлау қабілетінің шектеулілігінен туындайтын қайшылықтар мен қиындықтар. Адам танымының мүмкіндіктері мен шекаралары бар болғандықтан, шындықты толықтай түсіну қиынға соғады. Философиялық дәстүрде бұл мәселе әсіресе Сократ, Ницше, Кьеркегор және Камю сияқты ойшылдардың еңбектерінде қарастырылды. Адам ойлауының трагедиясы әр дәуірде әртүрлі қарастырылған. Мысалыға: біздің заманымызға дейінгі ғасыр өкілі Аврелий Августин (354–430)

Августин адам танымының шектеулі екенін мойындап, тек сенім арқылы ғана шындыққа қол жеткізуге болады деп сенді. Ол сенім мен танымның арасында тығыз байланыс бар екенін атап өтті және “түсінемін деп сенемін” деген қағидатты ұстанды

Жаңа заман өкілі Иммануил Кант (1724–1804).

Кант “таза ақылдың сыншылығында” адам танымының шектеулерін көрсетіп, біз шынайы болмысты (вещь в себе) толықтай біле алмаймыз деп тұжырымдады. Оның пікірінше, біздің танымымыз сезімдеріміз бен ақылымыздың құрылымдары арқылы шектелген, және бұл шектеулерді ешқашан еңсеру мүмкін емес.

Фридрих Ницше (1844–1900)

Ницше философиялық сенімдердің көбін сынап, оларды адамның әлсіздігі мен шектеулі ойлауының нәтижесі деп қарады. Ол “құндылықтардың қайта бағалануы” мен “құдайдың өлімі” ұғымдарын енгізе отырып, адамдардың сенімдері көбінесе трагедиялық қателіктерге әкелетінін көрсетті.

Философиялық сенім адам трагедиясына қарсы тұрудың бір түрі ретінде қарастырылады. Философия адамның өмірдегі қиындықтар мен қайшылықтарды қабылдауға және олармен күресуге көмектеседі. Мысалы, стоицизм адам тағдырының қайғылы аспектілерін қабылдауды және ішкі еркіндік пен сабырлылықты сақтауды ұсынады. Ал экзистенциализм өмірдің абсурдтығын мойындап, әрбір адамның өз өмірінің мәнін өзі анықтауы керектігін алға тартады. Осылайша, философиялық сенім мен адам трагедиясы адам болмысының мәнін түсінуге ұмтылған философияның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Қорытындылай келе, философияда адам ойлауының трагедиясы мәселесі әр дәуірде әртүрлі түрде қарастырылған. Ежелгі гректер мен ортағасырлық ойшылдар сенім мен танымның арасындағы үйлесімді іздесе, жаңа дәуір философтары бұл шектеулерді айқындап, сынға алды. Ал экзистенциализм мен абсурдизм өкілдері адам өміріндегі мағына мен сенімнің болмауын қайшылық ретінде сипаттап, трагедиялық аспектілерге назар аударды. Философиялық сенім мен адам ойлауының трагедиясы тарих бойында дамып, әртүрлі ойшылдардың еңбектерінде маңызды рөл атқарды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Философия негіздері: Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық/ Құраст. Ғабитов Т.Х., - Алматы: ЖШС «Лантар Трейд», 2019. - 337 бет .

2. Философия (кесте түрінде): оқу-әдістемелік құралы, — Қостанай: «Казтипография», 2013ж. 1- кітап. 2-басылым. 402 - бет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер