Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.
Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы өз кезінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түскен жерінен алып қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, не болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал егер бірінші шөлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда да ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы не таяққа тигізе алмай, не болмаса дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы шөлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы жоғарғыдай себептерден ойнай алмай, ойыннан шығып қалса, онда екінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша бәрі ойнап біткенше жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі