Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі