Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді.
Бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші – «ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу қажет. Ойын жүргізуші ұшатын затпен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, «ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекіл ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты – қанжыға ұшты» деп жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдушылық та күшейе түсіп, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлкіге көміледі.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі